Теміржолшының баласы теміржолшы боламын деп өседі...

ҚТЖ келбеті
16.08.2022, 11:08
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

  Электрмен жабдықтау дистанциясында электромонтер болып еңбек жолын бастаған Әміржан Жұмақов пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық салаға бірдей жауапкершілік жүктеледі дейді. Дегенмен, теміржол саласын электр қуатымен жабдықтаушылар үшін қауіп-қатер, тәуекел де жоғары деп санайды.

 Сексеуіл станциясындағы электрмен жабдықтау аудандық желісінің басшысы Әміржан Жұмақов төңірекке танымал теміржолшы әулеттің өкілі болғандықтан, бұл саланың «жілігін шағып, майын ішкен» нағыз маман.  

– Мен, мысалы, теміржолшының баласымын. Теміржолшының баласы теміржолшы боламын деп өседі, есейеді, ер жеткенде бала күнгі арманымен осы кәсіптің тұтқасын ұстайды. Себебі бұл отбасындағы темірдей тәртіп пен тәрбиенің әсері, ата-ананың күнделікті тіршілігінің өзі болат жолдың тынысымен астасып жатқандықтан оны көріп, зейінге тоқып өскен біздер осы кәсіпті жалғастыруға ұмтыламыз, осыған бейімделіп өсеміз. Бұл біздің теміржол саласының ерекшелігі болып саналады, – деп пікір білдірді кейіпкеріміз «теміржолшы болу оңай ма?» деген сауалымызға ұзақ ойланып.

Әкесі Бекнияз өмір бойы Қазалы вагон пайдалану депосының Сексеуілдегі қосынында еңбек еткен. 1972 жылы дүниеге келген Әміржан мектепті, одан әрі жоғары оқу орнын бітіріп, ҚазАТК жолдамасымен Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясына электромонтер болып еңбек жолын бастайды. Ал 2001-2009 жылдары Достық станциясында жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтайды. Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімінің салынуына байланысты құрылған Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының Сексеуіл станциясындағы аудандық желісіне арнайы шақыртумен ауысады. Міне, содан бері осы электр ауданының жұмысын басқарып келеді. Айтуынша, бұл салада жұмыс істеу үшін жауапкершілікпен қатар сабырлы да сергек сана, зейін қажет. Жеке бастың қауіпсіздігі аса маңызды. Асығыстық пен шалағайлықтың салдары ауыр болуы мүмкін.  

– Электрмен жабдықтаушылардың әрқайсысына әр құрылғымен жұмыс істеуі үшін арнайы рұқсатнама беріледі. Онда қандай кернеулі куат көзімен жұмыс жасауға мүмкіндік берілгендігі көрсетіледі. Жұмыс ретіне қарай жердегі, әуедегі желілермен жұмыс жасау электр мамандарының білім-білігіне, тәжірибесіне қарай сарапталады. Ең бастысы, электрик болу үшін екі зарядты желіні анық ажырата алатын маман, жұмысқа ынталы зерде, көргенін жадына тоқи білетін қабілет иесі болуы керек. Өзге салада кез келген адам атқаратын жұмыстар секілді жалпылық сипат электрмен жабдықтау саласына жат, сондықтан бізде тек арнайы маман иелері жұмыс істейді. Мен әрбір әріптесімнің тәуекелге толы әр күні сәтті болып, үйіне аман-есен оралғанын тілеп жүремін, – дейді Сексеуіл электрмен жабдықтау желісінің басшысы Әміржан.  

Сексеуіл мен Қамыстыбас станциялары аралығында желілердегі электр қуатының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етушілер тәулік бойы қырағы да сергек. Олардың жұмысын басқарып жүргізіп отырған Әміржан Бекниязұлының жұмысты ұйымдастыру қабілетін дистанция басшылығы жоғары бағалайды. Желі бойындағы әр құрылғының қанша кернеумен жұмыс жасайтынын күн сайын қайталап, әріптестерінің құлағына құйып отырудан жалықпайтын басшы осындай болса керек. Сондықтан болар, биылғы кәсіби мерекеде «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған Әміржан Жұмақовтың қуанышына ортақ болып, елдің алдымен құттықтаған оның өз ұжымы, жанындағы бір-біріне тілеулес жігіттер, әріптестері болды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті