Атақты теміржолшылар династиясының өкілі

ҚТЖ келбеті
23.08.2022, 10:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тарлан теміржолшылар еңбегі қандай құрметке де болса лайық екені дау тудырмайды. Қандыағаш белгі беру және байланыс дистанциясы бастығының орынбасары Талғат Ниязов биылғы Көлік қызметкерлері күніне орай Ұлттық компания басшысының Құрмет грамотасын алып, марапатқа бөленді.

 Бір кездері мүлгіп жатқан сайын далаға жан бітірген шойын жол бүгінде ел экономикасының өн бойына қан жүгірткен күретамырға айналды. Ақтөбе өңіріндегі теміржолшылар қалашығы атанған Шалқар станциясына теміржолшылар кәсібі дендеп енгелі ғасырдан астам уақыт өтіпті. Бүгінде теміржолшы мамандығы мұнда отбасылық кәсіпке айналған десе болады. Осы салада отыз жылдан аса еңбек етіп келе жатқан бүгінгі кейіпкеріміз, Қандыағаш белгі беру және байланыс дистанциясы бастығының орынбасары Талғат Ниязов та атақты теміржолшылар династиясының өкілі. Әкесі Жанарыстан 40 жылдан аса теміржолда еңбек еткен, ұзақ жылғы адал еңбегі арқасында «Құрметті теміржолшы» атанған жанның он баласы да нәпақасын теміржолдан тапты. Бұл шалқарлықтар үшін жаңалық емес, өйткені әр отбасының баласы теміржолшы болуды армандап өскен ортада, керісінше   бала ата кәсібін жалғастырмаса, сол сын.  

– Әкеміздің ізімен барлық бауырым теміржолшы болды, түрлі салада. Өзім сексенінші жылдары Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек жолымды бастадым. Электромонтер, одан электромеханик болып көп жыл жұмыс істедім. Алғашқы жылдары машинист пен кезекшіні, кезекші мен станция бастығын жалғастырып, бағдаршамдардың қосылу тәртібін меңгергенім күні бүгінге дейін есімде. Күнде бір нәрсені үйреніп келетінмін, мен үшін бәрі қызық болды, теміржол – бір кірген жанға қайта шығатын есігі жоқ, тұңғиығына тартып алатын керемет сиқырлы әлем секілді. Мен де солай, өз салама қатты берілдім, көп жұмыс істедім, білім мен тәжірибе жинадым, – дейді кейіпкеріміз.  

Бүгінде үш жүзден аса жұмысшысы бар дистанция бастығының орынбасары болып еңбек жолын жалғастырып жатқан Талғат Жанарыстанұлы соңғы кезде салада жаңалық көп дейді. Айтуынша, заманауи сымсыз желілердің қолданысқа енуі байланыс дистанциясындағы жұмысты көп жеңілдеткен.  

– Бұрын бағдаршамдарға үйдегідей лампа салынатын. Сәйкесінше, олардың жарамдылық мерзімі де қысқа болды. Оны ауыстыру үшін ондаған шақырым жол жүріп баратынбыз. Қазір бағдаршамдар ұзақ мерзімге жарамды, ауа райына төзімді. Олар істен шыққан күннің өзінде барлық шамдары бірдей жанып кетпейді. Және алыстан жарқырап жанып тұрады. Желілік байланысты да сымсыз, ұзын кабельдерсіз ұйымдастыру мүмкіндігіне қол жеткіздік. Теміржолдағы бұл жаңалықтардың бәрі – дамудың, жаңашылдықтың көрсеткіші. Ал белгі беру-байланыс жүйесінің дамуы теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің сенімділігін арттырып, сапа, тасымал, жылдамдық – бәріне оң әсер етеді, – дейді Талғат Ниязов.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті