Ардагер ананы әріптестері құттықтады

ҚТЖ келбеті
06.09.2022, 11:25
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Тағдырын теміржолмен байланыстырған жандардың бірі – қызылордалық Назымхан апа. Күні кеше жетпіс жасқа толған ардагерді әріптестері құттықтап, құрмет көрсетті.

Теміржол саласының дамуына тұп-тура қырық жыл үлес қосқан Назымхан Оразбаева еңбек жолын тауар кеңсесінен бастапты. Мектеп бітірісімен бірден жүк және багаж қабылдап-тапсырушы болып жұмыс істеуге кірісіпті. 40 жыл бір орында тапжылмай еңбек етіп, сол қызметтен зейнетке шыққан. Станциялықтар қарапайым қазақ әйелінің кәсіпке деген адалдығы мен жауапкершілігін әрдайым жастарға үлгі етіп айтып отырады.  

Қызылорда қосалқы бөлімі кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев, ардагерлер кеңесінің өкілі Ахмедияр Пірімбетов және «Аманат» партиясы «Теміржол» филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева Назымхан апаның шаңырағына арнайы барып, ардагерді мерейлі жасымен құттықтады.

– Дүниеге 5 бала әкелдім, жолдасымның денсаулығы сыр беріп, ауру-сырқаулы болды. 15 жылдан аса пәтерден-пәтерге көшіп жүріп жұмыс істедік. Жолдасым өмірден озды. Балаларымды жетілдіру үшін жұмыстан қалмай, ретсіз сұранбай, абыроймен атқаруға күш салдым. Одан жаман болған жоқпын, шүкір, соның арқасында еңбегім бағаланып, марапат та алдым, теміржолдан 4 бөлмелі үй де алдым. Өмірге де, теміржолға да өкпем жоқ. Қазір 14 немерем, 3 шөберем бар, ең бай әжемін, – деп тағдырына ризашылық білдірді ардагер ана.  

Мерейтой иесіне партия мен ардагерлер кеңесі атынан алғыс хат тапсырылып, кәсіподақ ұйымы атынан сый-сияпат жасалды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды