Спортты серік еткен теміржолшы

ҚТЖ келбеті
16.09.2022, 10:55
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгінгі кейіпкеріміз, «Ардагерлер салауатты өмір салты үшін» спорт клубының мүшесі Рысхан Ақбергеновті бір көрген жан алпыстан енді асқан ел ағасы деп ойлауы әбден мүмкін. Күні кеше жетпістің бесеуіне толған ардагердің сергек те ширақ қимылы жастарға үлгі боларлық.

 Рысхан Есенжолұлы Семейдің Аягөз ауданына қарасты Жыланды станциясында 1947 жылдың 13 қыркүйегінде теміржолшы отбасында дүниеге келіпті. Әрине, мектепте оқып жүріп-ақ әке жолын қуып теміржолшы болуға бел байлайды. Орта мектепті бітірісімен сол өзі туған Жыланды станциясына жол монтері болып жұмысқа орналасады. Көп ұзамай әскерге алынып, үш жыл Мурманск  қаласында борышын өтеп келеді. Елге оралған соң Алматы теміржол техникумына оқуға түсіп, оны теміржол көлігінің телемеханик және байланысшы мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады.  

Еңбек жолын қарапайым жол монтерінен бастаған кейіпкеріміз әрі қарай кәсіби мамандығы бойынша еңбек етіп, әртүрлі қызметтік лауазымдарды атқарып, Семей станциясының бүкіл диспетчерлік қызметіне жетекшілік еткен кездері де болды. Жылдар легінде майталман маман «Адал еңбегі үшін» медалі мен «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталып, мәртебесі арта түсті.  

Айта кетейік, Рысхан ағамыздың жан жары Жұмағайша да ардагерлер қозғалысының белсенді мүшесі. Отбасылық тандем ҚТЖ көлемінде өткен барлық спорттық шараларда бірге көрініп, бәйгенің алдын бермей келеді. Тек теміржолшылар арасында ғана емес, астаналық ардагерлер арасында да танымал. Ерлі-зайыптылар Мәскеу қаласында ТМД теміржолшылары арасында өтетін спорттық жарыстарға да әлденеше рет қатысып, шахмат, жүзу, теннис, армрестлинг, күрес, волейбол түрлерінен Қазақстан намысын қорғап, үздік үштіктің қатарынан табылып жүр.  

Орталық ардагерлер кеңесінің ұжымы Рысхан Ақбергеновті 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, ардагер теміржолшыға бақытты да баянды ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, лайықты сый-құрмет көрсетті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды