Теміржолшылар «Үздік еңбек әулеті» атанды

ҚТЖ келбеті
20.09.2022, 10:56
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор

Мақат – теміржолшылар әулетінің алтын ұясы деуге болады. Сонау өлкеге теміржол тартылған 1936 жылдан бастап еңбек еткен жандардың ұрпақтары салада күні бүгінге дейін тер төгіп келеді. Солардың бірі – теміржолдағы жиынтық еңбек өтілі 425 жылды құрайтын Мырзағалиевтер әулеті республикалық байқаудың өңірлік кезеңінде жүлдегер атанды.

 Республикалық «Еңбек жолы-2022» байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға 37 адам өтінім берген. Олар «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша іріктелді. Нәтижесінде, әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның шешімімен «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Мақат ауданынан Мырзағалиевтер әулеті жүлдегер болып танылды.  

– Атамыз Қабдол Қызылқоға ауданының Сарыкөл ауылында 1898 жылы дүниеге келген. 1913 жылдан еңбекке араласқан ол теміржол саласындағы еңбек жолын 1936 жылы жол дистанциясында жол жөндеуші болып бастап, Гурьев облысындағы алғашқы тар табанды, ұзындығы 517 шақырымды құрайтын Гурьев-Қандыағаш темір жолы құрылысында өз қолтаңбасын қалдырған. 1947 жылдан бастап Бек-Бике, 21-бекетте станция кезекшісі болып қызмет атқарып, 1958 жылы зейнеткерлікке шыққан, – дейді немересі Өтеген Мырзағалиев.  

Қабдолдың Жексенбай, Сисенбай атты ұлдарынан 8 ұл, 3 қыз өрбіген. Бүгінде солардан тараған ұрпақ, яғни Қабдол атаның немере-шөберелері осы темір жолда, жол жөндеу дистанциясы, локомотив депосы, вагон депосы, басқа да салаларда еңбек етіп келеді. Жеңімпаздардың құжаттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды. Алда – республикалық байқау.

Еділ ЕРМЕК, Мақат 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды