«Агент Сапина»

Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қатаң тәртіпке бағынған теміржол саласында еселі еңбек етіп жүрген нәзік жан иелері баршылық. Жұмагүл Сапина – солардың бірі. Қандыағаш станциясында жүктерді іздестіру, коммерциялық актілерді тіркеу бөлімінің іздеу агенті болып еңбек ететін тәжірибелі теміржолшының жанама аты – «Агент Сапина».

Кейіпкеріміздің бұл мамандықты игергеніне 30 жылға жуықтаған. Жұмыс өте жауапты. Тосыннан болатын қауіптің алдын алу, қадағалаудан бөлек, ұрлық, құжат жоғалу, тағы басқа заңсыздықтармен күресу оңай емес. Жүк вагондарына қатысты түрлі қауіпті жағдайлар, заңсыздық, бөтеннің мүлкін иемдену секілді келеңсіздіктер тіркелсе, агент Сапинаның тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеуіне тура келеді.  

«Таңғы сағат 6-да жұмыста боламын. Бізде мереке, демалыс күні деген болмайды, келеңсіз оқиға тіркелсе, кез-келген сәтте жұмыста болуға тиіссің. Күндіз-түні тоқтаусыз қозғалыс жүріп жатқан сала болғандықтан жұмысымыз да үзіліссіз», – дейді Жұмагүл Сапина.  

Мектеп бітіріп, жаңа өмірге қадам басқан жас қыз еңбек жолын қатардағы қарапайым жұмысшы болып осы Қандыағаш станциясында бастаған екен. Бір жылдан соң арнайы жолдамамен жоғары оқу орнына түсіп, дипломмен қайта оралған. 1984 жылдан бастап нағыз теміржолшы ретінде қалыптаса бастайды. Алдымен құжат жеткізуші, техникалық кеңсе операторы болды. 1992 жылы станциядағы жүктерді тіркеу, іздестіру бөліміне ауысады. Бүгінде осы Қандыағаш станциясының жүктерді іздестіру, коммерциялық актілерді тіркеу бөлімінің іздеу агенті.  

Кейіпкеріміз теміржолшылар әулетінде тәрбие алған. Атақты династиялардың бірі Жұбанышевтар әулеті 2017 жылы ел бойынша мерейлі отбасы байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Отбасында тәрбиеленген жеті бала да теміржол саласында еңбек етеді.  

«Теміржол саласы қиын әрі жауапты. Күніге мыңдаған тонна жүк, жүздеген жолаушы тасымалын жүзеге асырып жатқан алып сала бейне бір конвейер секілді. Онымен бірге қозғаласың, түсіп қалу – апат деген сөз. Сондықтан қателесуге қақымыз жоқ», – дейді агент Сапина.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды