Ынтымағы жарасқан отбасы

ҚТЖ келбеті
04.11.2022, 11:33
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбылдық жас теміржолшылардың отбасында тәрбиеленіп жатқан ұл-қыздардың өнер, оқу, спорттағы жетістіктері отбасындағы өнегелі тәрбиеден болса керек. Мысалы, Әулиеата өңіріне белгілі династия – Букеновтар әулетінің бүгінгі өкілі Нұрболаттың отбасын алайық.

Теміржолдағы жалпы еңбек өтілі 290 жылға жетіп жығылатын династия өкілі, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының энергодиспетчері Нұрболат Мелдебековтің төрт баласы бар. Жұбайы Ләззат Мелдебекова кәсіподақ ұйымының іс жүргізушісі. Ынтымағы жарасқан бұл отбасының басты ұстанымы – балаларына жақсы тәрбие беріп, өнер-білімге баулу.  

Отбасының тұңғышы №51 Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің үшінші сынып оқушысы Мұрат таэквандомен айналысады. Тараз қаласындағы JITAE Таэквандо клубына барып жүрген Мұрат – бүгінгі күнге дейін пумсэ, спаринг жарыстарына қатысып, жүлделі орындар алып жүрген жеткіншек. Болашақта еліміздің көк байрағын шетелдерде желбіретіп, чемпион боламын деген арманы бар. Ал екінші перзенттері Камила спорттың ерекше, әдемі түрі – көркем гимнастикамен айналысады. Бүлдіршін қыз гимнастикамен айналысып жүрген екі жылдың ішінде 12 жарысқа қатысып, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалаларындағы жарыстарда топ жарды. Камила да жоғарыдағы мектептің екінші сынып оқушысы. Екеуі де оқу озаттары. Ата-аналарының мақтанышы. Кішкентай Айла – екі жаста болса, шаңырақтың кенжесі Ахмедияр екі айлық сәби.  

– Спорт еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Балаларымызды өздері қалаған спорттық үйірмелерге беріп отырмыз. Өздері де қызығушылық танытып, бүгінгі күні жарыстарда жүлделі орындар алып жүр. Келешекте қандай мамандық таңдайды – ол әрине өз таңдауларында. Теміржолшылар династиясын жалғастырып, теміржол мамандығын таңдаса оған да қарсылығымыз жоқ. Біз көп балалы отбасы болсақ дейміз. Ата-анамыздың берген тәрбиесі бар, оның үстіне бала бір-біріне қарап өседі, бір-біріне мейірімді, қайырымды болады. Ата-ананың мақсаты мен міндеті – оларға жақсы тәрбие беру, – дейді отағасы Нұрболат Ілиясұлы.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды