«100 Жас есім» өкілі – үздік басшы

ҚТЖ келбеті
22.11.2022, 10:04
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жолда жас та болса бас болып, құрылымдық бөлімшелердің басшылығына тартылып жатқан жастар көп. Олар компанияның жастар саясаты бойынша жұмыстарына да белсенді араласады. Солардың бірі – «ҚТЖ-100 жас есім» жобасына қатысқан, 2021 жылы «Үздік басшы» төсбелгісін алған Ағадыр электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Нұрсұлтан Бурлинов.

Өткен аптада оны біз «Достық – Мойынты» телімінің екінші теміржолы құрылысы басталуына орай Балқаш-2 станциясында ұйымдастырылған телекөпір кезінде көрген едік. Жаңа құрылыс жүретін жолдың электрмен жабдықталуына жауапты мекеме болғандықтан оның басшысы ретінде Нұрсұлтан Бурлинов те сол жерден табылды.  

– Былтырғы жұмыс көрсеткіші бойынша біздің дистанция үздік мекемелер қатарында болды. Бір жылдың ішінде бізде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуымен байланысты жұмыста ешқандай олқылықтарға жол берілмеді. Қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жағдайын толығымен қамтамасыз еттік. Дистанцияда бүгінгі таңда 200 адам еңбек етеді. Біздің қызмет ететін теліміміз – Дария станциясынан Саяқ станциясына дейінгі аралық. Осы жолдың бойындағы электрлендіру жұмыстарына жауаптымыз. Телекөпір өтіп жатқан Балқаш-2 станциясы да бізге қарайды. Осы іс-шараны өткізу барысында да дайындық жұмыстарына толық араластық. Тоғын жүргізіп, жарықтандыру мәселесін шештік, – дейді Нұрсұлтан Бурлинов.  

Қарағанды магистральдық желі бөлімшесіне қарайтын ЭЧ-12 мекемесінің ғимараты Ағадыр станциясында орналасқан. Дистанцияға қарайтын аумақтағы электр желілері күзгі байқау кезінде тексеруден өткізіліп, қазір мекеме жұмысшылары қыста жұмыс істеуге дайын отыр.  

Нұрсұлтанның теміржолды мамандық ретінде таңдап, бұл салада жетістікке жетуіне қаннан берілген қасиет те ықпал етті десе болады. Ол – таза теміржолшылар әулетінен шыққан ұрпақ. Атасы, әжесі, әкесі, бауырлары да – теміржол саласында абыройлы қызмет еткен, әлі де жұмысын жалғастырып жүрген мамандар. Осындай отбасынан шыққан ол теміржол саласында арнайы білім алып, еңбек жолын 2011 жылы қазіргі өзі басшылық ететін дистанцияда электромонтер болып бастады. Бүгінде аталар салған жолды жалғап, ауызбіршілігі мол ұжыммен бірге теміржол саласының дамуына атсалысып келеді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды