Желіде жұлдыз болған жолсерік

ҚТЖ келбеті
20.05.2023, 10:32
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осыдан бірнеше апта бұрын пойыздағы әнімен хит болған жолсерік Ақылзат Сейтжапар әлеуметтік желі жұлдызына айналған еді. Елдің көбі оның өнеріне сүйсініп, мамандығын ауыстырып алған, негізі әнші болуы керек еді деп те жатты.  

Үш күн ішінде танымалдылықтың «дәмін» татқан жолсерікпен хабарласып, өнеріне қызығушылық танытқан едік. Тараздың тумасы Ақылзат шынымен бала кезден ән салады екен, өнер жолын болашағымен байланыстыруды ойлағанын да жасырмады. Алайда мектепте жүргенде жағдайға байланысты Алматыда өткен «Super star» байқауына қатыса алмай, көңілі қалып, енді ән айтпаймын деп өзіне серт беріпті. Содан бері ол тек өзіне ең жақын деген ортада ғана ән салады. Екінші арманы форма кию еді. Сол арманның жетегінде жолсерік кәсібін таңдады. Міне, бүгінде оның жолаушы пойызында халыққа қызмет етіп келе жатқанына 13 жыл. Қазір Астана – Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі. 

– Өткен айда Шымкенттен Астанаға қайтар жолда болды бұл оқиға. Әрине, бізге тәртіп бойынша жолаушылармен ән салып отыруға болмайды. Бірақ бір байқауға елордаға келе жатқан жастар баянмен ән салып отыр екен. Сосын Қарағандыда біраз адам түсіп, вагон іші босап қалған еді. Сосын әлгі жастарға сәттілік тілеп қастарына келдім. Әндерін тыңдап, қосыла ыңылдап отырып,  «даусыңыз жақсы екен, ән айтыңыз» деп қолқалаған жастар көңілін қимай «Әдемі кетшіні» айтып бергем.  Әлгі жастардың бірі телефонға түсіріп отырғанын байқадым, бірақ желіге салып жібергенінен де хабарсызбын. Астанаға жеткен соң, таңертең оянсам, бауырларым менің ән салған видеом Тик-ток желісінде шарлап жүргенін айтты. Күні бойы таныстарым хабарласып, қоңырау толастамады. Оқып қарасам, көргендердің көбісі жағымды пікір қалдырған. Тіпті телеарналар бірінен соң бірі шақырып, бала күнгі әнші болу арманым орындалғандай күй кештім. Содан мені бастығым шақырып жатыр деді, қатты қорықтым, жұмыс барысында қызметтік функцияма кірмейтін іспен айналысқаным үшін жазалайтын шығар деп ойладым.  Керісінше, басшымыз ризашылық білдіріп, телеарналар шақырса, несі бар, барып өнеріңді көрсет деді. Бірақ танымал болудың жаман жағын да сезініп қалдым. Менің видеомның астына кейбір адамдар жаман, жала пікірлер де қалдырыпты. Әнші, өнер адамы, танымал болудың қаншалықты қиын екенін де түсіндім. Әнші болғанда осындай өмір күтетінін айналдырған үш күнде Алла маған сездіргендей болды, – дейді кейіпкеріміз.

Ақылзат Сейтжапар – екі баланың анасы. Ұлы мен қызы Астанада мемлекеттік грантпен оқып жатыр. Бала кездегі әнші болу арманы орындалмаса да,  мамандығын таңдағанына еш өкінбейтінін айтады.  

– Мен әнші болып халық алдында жүрмесем де, жолсерік болып халық ортасында, олармен біргемін. Жұмысым өзімен ұнайды, өзім көпшіл адаммын, у-шу болған елдің ортасында жүрген ұнайды. Олармен тілдесемін, тойдан, құдалықтан қайтып келе жатқан үлкен апалармен шүйіркелесіп, көңілін көтеремін. Жолаушы халыққа не керек, жақсы-жайлы сапар үшін таза вагонда салулы төсек, ыстық шәй болса, риза болып, жол бойы әңгіме-дүкен құрып баратын жолаушыларға қызмет көрсетуге дайынбыз, – дейді әнші-жолсерік.

 Кейіпкеріміз бірнеше рет науқас адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ажалдан аман алып қалған, сол қызметі үшін «Үздік жолсерік» атағын да алған екен.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды