Адал еңбек өтеуі – алғыс

ҚТЖ келбеті
25.07.2023, 11:58
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор

ТЧЭ-33 Түркістан локомотив пайдалану депосы жөндеу және қадағалау бөлімінің инженері Сарыбай Мыңжанов теміржолшы әулетінің өкілі болған соң, кәсібіне берілген жан.

Теміржолдағы еңбек жолын 1980 жылы мектеп бітірген соң депода слесарь болып бастаған Сарыбай Өмірзақұлы машинист көмекшісі, тепловоз машинисі, инженер-технолог, жөндеу цехында аға шебер, бас инженер, депо бастығына дейінгі жолдан өтті. 1988- 1994 жылдары Алматы теміржол институтында өндірістен қол үзбей оқып, инженер-механик мамандығы бойынша жоғары білім алды.  

Міне, 41 жыл өмірін теміржолға арнап, бүгінде өз кәсібінің майталман маманы атанып отырған жан алпыстың асқарына шығып отыр.

– Еңбек еткен елеусіз қалмайды, ақ-адал еңбектің өтеуі бар, материалдық игілігін көресің. Одан бөлек, алғыс алып, абыройға кенеліп жатсаң, мерейің өседі, – дейді жуырда «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған кейіпкеріміз.  

Сарыбай Өмірзақұлы жары Шерубаева Қарлығашпен екеуі 2 ұл және 1 қызды өсіріп жеткізіп, 6 немереге ата-әже болып отырған бақытты жандар. Тұңғыштары Мақсат Түркістан облысының Ішкі істер саласында қызмет атқарса, қыздары Ақерке Түркістан қаласында мектеп мұғалімі. Кіші ұлдары Наурызбай Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің магистранты.  

Түркістан локомотив пайдалану депосы жөндеу бөлімінің басшысы Исабеков Бауыржан әріптесінің әсіресе, жас мамандарды тәрбиелеудегі қабілетін айрықша жоғары бағалайтынын жеткізді. Бүгінде ел ағасы жасына жетіп отырған теміржолшының жауапкершілікті жоғары қоятын қасиеті барша әріптестерін тәнті етеді екен.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды