Вокзалда жарымжан жандарға қол ұшын созып жүрген теміржолшы алғысқа бөленді

ҚТЖ келбеті
21.08.2023, 12:28
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржолшылар қауымының арасында өз кәсібі арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға шапағаты тиіп жүрген жандар жетерлік. Қамқорлықты қажет ететін ерекше жандарға әрдайым алдымен қызмет көрсетуге ұмтылатын Семей вокзалының көмекші-кезекшісі Сәуле Суғанова алғысқа бөленді.

Сәуле Абдуллақызын облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әкімшілігі арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Вокзал қызметкері мүгедектер мен оларды ертіп жүрушілерге пойыз билетін рәсімдеуге зор көмек көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың алғыс-батасына, ілтипатына кенелген.  

Жазғы мезгіл – ерекше жандардың алыс-жақындағы шипажайларға ем қабылдау үшін жол тартатын уақыты. Қашан да қызметі қауырт Семей вокзалында кейбір кездері билет алу былай тұрсын, жолаушылар нөпірі орын алған шақта жарымжан жандарға қозғалудың өзі қиынға соғады. Міне, осындай сәттері Сәуле Абдуллақызы мүгедектер қауымына қол ұшын созып, пойыздағы орнына жайғасқанға дейін бастан-аяқ жәрдем көрсетеді екен. Оның осындай кең пейілі мен елгезектігіне шексіз разы болған жандар өз басшылықтарына осы бір жаны жайсаң вокзал қызметкерін марапаттауды ұсыныпты.

– Бұл – менің міндетім, өз қызметімді қашан да мүлтіксіз атқаруға тиіспін. Жалпы біздің Семей вокзалы кімге болса да лайықты қызмет көрсетуге әрдайым әзір, – дейді Сәуле Абдуллақызы.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті