Көңілді де тапқырлар сайысты (Фото)

ҚТЖ келбеті
21.12.2023, 13:20
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жастар форумының КВН Лигасы, яғни көңілді және тапқыр жастардың өнер сайысына өңір командалары өте үлкен дайындықпен, зор шығармашылықпен келіпті. Биыл бұл сайысқа іріктеуден өткен 5 команда осы форумдағы жарысқа қатысып, 4 кезеңде бақ сынасты.   

Бірінші сәлемдесу, екінші ән-әзіл, үшінші бейнеролик, төртінші үй тапсырмасы сайыстарына қатысқандар арасында форумның танылған таланттары да,  жаңадан қосылғандары да болды. Сайысты бірінші болып Ақтөбенің «Батыс құрама» командасы бастады. Сәлемдесу кезеңінде олар вагон шаруашылығы, жолсеріктер мен пойыз құрастырушылар жұмысы, сыбайлас жемқорлық, жасанды интеллект тақырыптарын арқау етті. Келесі «Тараз теміржол тарландары» командасы шоу жасап, Аяз ата мен Қыдыр ата, мәхр тақырыптарын көтеріп, актерлік шеберліктерімен ерекшеленді, «Магистральдің нағыз батырлары – жолшылар» деп саланың ең қиын жұмысын атқаратын теміржолшыларға құрмет көрсетті.    

Одан кейінгі Маңғыстау теміржолының «Маңғыстау.kz» командасы астарлы қазақы әзілдің керемет үлгісін көрсетті. «Маңғыстаулықтарды собрмен емес сабырмен жеңесіздер», «100 жас есім – Айканың емес, Ақмаралдың тізімі», «Президент «жүз жас есімге» сенеді, себебі жүз жас есім дегеніміз – жастар» деген сияқты өткір әзілдерімен көпшілікті риза қылды. Төртінші шыққан Атырау өңірінің «Атырау Wow» командасы сол өңірдегі қаланы улап жатқан зауыттар түтіні, букмекерлер жұмысы, ана тілін білмейтіндердің мәселесі, елодадағы ЛРТ жыры сияқты тақырыптарды көтерді. Бесінші Астана командасы ұлттық салт-дәстүрлер, несие қамыты, теміржол тақырыптарын сөз ете отырып, ән мен би арқылы сәлемдесу сайысын өткізді.  

Келесі «Ән әзіл» кезеңінде командалар белгілі әндерді елдегі кейбір мәселелерге сай сөзін өзгерте үйлестіре отырып өнер көрсетті. Мәселен, бір команда ЛРТ туралы әзілінде «Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен» деп әндетсе, шпал мен рельс туралы «Сен және мен, арамызда жол жатыр» деп шырқап тапқырлық танытты. Одан әрі командалардың «Бейне визитка» кезеңінде арнайы дайындалған музыкалық бейнероликтері көрсетілді. Тараз командасы машинист пен жолшы жігіттің бір-бірінің жұмысына қызыға қарап, ақыры бір сиқырмен екеуінің орны ауысып кетіп, алайда екеуі де өз жұмыстарына қайта оралғанын арқау еткен  ролик түсірген. Ал Маңғыстау командасы вагон қараушының вагон аралап жүріп әнші Ерке Есмаханның «Сен жоқсың» әнімен ақау іздегенін көрсетеді де, соңында ақау тауып «Таптым-ау сені» әнімен аяқтайды. Астана командасы да жол үстіндегі машинист пен оның көмекшісі арқылы бірқатар көрініс көрсетті.  Соңғы сайыс «Музыкалық үй тапсырмасы» бойынша Атырау мен Ақтөбе КТК телеарнасындағы «Астарлы ақиқат»  бағдарламасын көрсету арқылы теміржолдағы өткір мәселелерді ашық сынға алды. Оның ішінде билеттерді алып сатушылар, сыбайлас жемқорлық, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету мәселелері бар. Ал Маңғыстау командасы Астанадан Маңғыстауға қыз алып қашу операциясы аясында пойыз үстіндегі әңгімелерді ортаға салды. Тараздықтар «Менің атым –Қожа» киносының желісінде машинист болғысы келетін Қожаның образын алып шықты.  

Жарыс нәтижесінде «Үздік үй тапсырмасы» номинациясымен Тараз командасы, «Үздік бейнеролик» аталымы бойынша Астана командасы, «Үздік ойыншы» аталымымен Ақтөбенің теміржолшысы Дархан Әнуаров, «Үздік әзіл» аталымы бойынша Атырау командасы марапатталды. Ал жүлделі 1-орынды Ақтөбе командасы иеленсе, 2-орын Тараздық жастарға берілді, ал 3-орынға Маңғыстау командасы лайық деп танылды.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды