Гүлнар Аманжолова: Ұстамдылық, ұқыптылық – темір жолмен келген қасиет

ҚТЖ келбеті
06.03.2024, 12:32
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан темір жолында он саусағынан өнер тамған нәзік жандылар өте көп. Солардың бірі елордадағы ҚТЖ-ның бас ғимаратындағы Автоматика және цифрландыру дирекциясының бас маманы Гүлнар Аманжолова.

Кейіпкеріміздің теміржол саласында тер төгіп жүргеніне ширек ғасырдай болыпты.  Еңбек жолын 2000 жылы Орал локомотив пайдалану депосында кадр бөлімінде бастаған Гүлнар ол кезде тек теміржол вокзалы мен пойыз жайлы ғана естіп білгенін  айтады.

«Алғаш  жас маман болып жұмысқа қабылданғанымда маған жүк пойызы мен жолаушылар пойызын жүргізетін мамандарды жұмысқа қабылдау,  локомотив машинисі, машинист көмекшісі мамандары құжаттарының толық болуын тексеру, машинистерге біліктілік сыныбын өткізу іс-шарасын ұйымдастыру, комиссия мүшесі қатарында болу сияқты міндеттер жүктелді. Бұл өте маңызды жауапкершілігі мен қызығы мол қызмет еді. Теміржолшы мамандығы –  мені  шойындай шыңдалып,  жауапкершілік жүгін абыроймен арқалауға тәрбиеледі. Темір жолдағы темірдей тәртіп мені  үйде де, түзде де қашанда жинақы жүруге, ұқыптылыққа үйретті. Ал кадр мамандары үнемі  адамдармен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін болғандықтан ұстамды болуы маңызды. Өйткені, адамдардың мінез-құлқы, ой-түсінігі әртүрлі болып келеді.  Бірақ, теміржолда еңбек еткеніме еш өкінген емеспін.  Локомотив бригадаларымен, депо қызметкерлермен еңбек тәртібі жөнінде сұхбаттар өткізіп, әртүрлі іс-шараларды  ұйымдастыру,  зейнет жасына жеткен  еңбеккерлерді құрметті демалысқа  шығарып салу бір ғанибет іс еді», – деп еске алады деподағы еңбек жылдарын Гүлнәр.  

Кейіпкеріміз білімге құмар жан. Білім-біліктілігін уақыт талабына сай арттырып,  үнемі ізденіс үстінде жүреді. Еңбегі бағаланып, 2016 жылы  қызмет бабымен Астанаға «ҚТЖ» ҰК»  АҚ-ның бас ғимаратына «Бас есептеу орталығына» кадр бөліміне ауысып келді. Кешегі жас маман бүгінде салмақты да білікті маманға айналған. Еңбекқорлығы мен тиянақтылығымен көзге түсіп, өз ісінің нағыз білгіріне айнала білді.

Гүлнар қолы бос кезінде отбасымен таза ауада серуендеуді ұнатады, спортпен шұғылданады. Оған қоса шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында әдеби кітаптарды  көп оқиды, ән салады. «Қазақстан темір жолы» компаниясы ұйымдастырған Наурыз мейрамы, тағысын тағы мерекелік концерттерде сахна төрінде ән шырқап, көрермендер қошеметіне бөленіп жүреді.    

Компанияның өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан білікті маманның еңбегі үнемі еленіп, көптеген алғыс хаттармен марапатталған. «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтпайды. Гүлнар екі қызды тәрбиелеп, бүгінде олардан үш немере сүйіп отыр.  

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды