Қырағы вагон қараушы

ҚТЖ келбеті
04.07.2024, 11:11
Оқуға 2 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Қырағылық – қашан да адамның жүзін жарқын, абыройын асқақ ететіні сөзсіз. Арыс вагон пайдалану депосында еңбек ететін жас маман Дінмұхамет Оспанәлі жақында ғана бір емес, екі рет вагон ақауын анықтап қырағылық үлгісін көрсетіп, әріптетерінің мақтанышына айналды.  

– Мен ол кезде күндізгі ауысымда «Оңтүстік» парктегі 45-ші жолда жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсетіп жаттым. Арнайы шаблонды қолданып, тексеру барысында Өзбекстанға бағыт алған цистерна автотіркеуішінің үлкен бекітпесінің ішкі тұсында 65 миллиметрлік жарықшақты байқадым. Дереу, аға маманға хабар бердім, – дейді Д. Маратұлы.

Кейіннен мамандардың мұқият тексеруінің нәтижесінде, аталған вагонды жылжымалы құрамнан ағыту жөнінде шешім қабылданған. Бұл 23 маусым болатын. Қызық болғанда, арада тәулік өтпей 24 маусымда түнгі ауысымға түскен Дінмұхамет таңалакеуімде әдеттегі қызметтік міндетін атқарып жүріп, жүк тиелген жабық вагоннан тағы да ақау анықтайды.

– Бұл жолғы жарықшақтың көлемі 20х60 милимметр шамасында болғандықтан, көзге бірден көрінетіндей жағдайда еді. Вагон бірден құрамнан ағытылып, жөндеуге жіберілді, – дейді ол.

Айта кетейік, Дінмұхаметтің 5 жылдан бері аталған депода вагон қараушы болып жұмыс істеп келеді. Оның қырағылық қабілеті құдды бір қанмен келген бе дерсің. Өйткені, атасы әкесі Марат та, атасы Оспанәлі де темір жолда тер төгіп, осы салада еңбек етіп жүрген жандар. Қызық болғанда теміржолшылар әулетінің бәрі де вагон қараушылар екен.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті