Айрықша статусы бар станция бастығы

ҚТЖ келбеті
02.08.2024, 09:53
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау-Ақтау порты, Маңғыстау-Болашақ, Маңғыстау-Құрық порты, Маңғыстау-Бейнеу бағыттарына қызмет көрсететін ерекше станцияны басқарып отырған Бағыбай Исатаевқа барша әріптестері қызығады.

Төрт бағытта қызмет көрсететін бұл айрықша статусы бар станция түбектегі жүк тасымалының салмақты жүгін көтеріп отыр. Сондай жауапкершілігі жоғары жұмысты абыроймен атқарып жүрген станция бастығы бір кездері еңбек жолын осында жүк қабылдап-тапсырушы болып бастапты.  

1966 жылы Түркіменстанда көп балалы теміржолшылар отбасында туған ол Алматыдағы теміржол институтын бітіріп, Маңғыстауда пойыз құрастырушының көмекшісі, пойыз құрастырушы, №16, «Р» бекеттері мен Маңғыстау, Ақтау порты станцияларында кезекші, Жетібай станциясының бастығы, Болашақ станциясында бас инженер, Өзен станциясының бастығы сынды қызмет сатыларынан өтіп, тәжірибе жинақтайды. 4-5 жыл Маңғыстау станциясында бас инженер болып, соңғы бірнеше жыл станция бастығы қызметінде.  

– Теміржолға 45 жылын сарп еткен әкем марқұм Мақсұт Исатаев мен туғанда Мары станциясында кезекші екен. Сол жұмысын Маңғыстауға оралғасын №16, «Р» бекеттерінде жалғастырды. Анам Дыбыс Исатаева да сегіз баласын тәрбиелей жүріп ширек ғасыр жолшы болып еңбек етіпті. Қазір жанұямызда ағам Өсер екеуіміз сол кісілердің жолын жалғап жүрміз. Жалпы, бұл мамандық маған көп нәрсе берді және ұқтырды. Ойымдағы аруды да осынан жолықтырдым. Құдай қосқан қосағым Жанаргүл екеуіміздің шаңырақ көтеріп, бір салада қол ұстасып жүргенімізге отыз жылдан асыпты. Бағытымыз бір болғасын бір-бірімізді қолдап, түсіністікпен өмір сүрудеміз. Жұбайым қазір Маңғыстау қосалқы бөлімінде жүк тасымалы және коммерциялық бөлімінің басшысы. Бір ұлымыз бар. Ол өз қалауымен заң саласын таңдаған, – дейді Бағыбай Мақсұтұлы отбасы жайлы сөз еткенде.  

Ол қазір екі жүзден аса адам қызмет ететін станциясындағы жұмысты үйлестіріп отыр. Мұндай үлкен мекемеде шаруаны шашау шығармай ширату оңай емес. Бұл тұрғыда ол өзінің жылдар бойы жинаған білім-тәжірибесіне сүйенеді.  

– Жалпы, теміржолшы болудың жауапкершілігі өте жоғары. Жаның теміржолшы болмаса, көпке бармайсың. Мен мысалы, бастапқыда пойыз құрастырушыға көмекші болдым, кейін бұл жұмыс жалғыз өзіме тапсырылғанда бірінші қиындықпен бетпе-бет келдім. Соны еңсере білсең ғана ұтасың. Ол үшін табандылық пен қайсарлық қажет, онсыз қиын да күрделі саланы меңгеріп кету оңай емес, – дейді Б.Исатаев.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды