Теміржолшыға тән қасиет

ҚТЖ келбеті
02.08.2024, 10:08
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл локомотив пайдалану депосында көп жыл машинист, нұсқаушы болып еңбек еткен Жақсылық Сүйінқараев балаларына теміржолшыға тән қасиет – ең алдымен темірдей төзім деп өсиет айтады екен.

Талғат Сүйінқараев 1991 жылы депоға қатардағы жұмысшы болып қабылданғанда әкесінің айта беретін әлгі сөзінде қаншалықты мән бар екенін бірден түсінген жоқ бәлкім. Бірақ жылдар өте әкесінен берілген табандылығы арқасында тепловоз машинисіне дейінгі қиын да күрделі ұзақ жолдан өтеді. Темірдей төзімділігі мен жігері депоның маңдай алды тепловоз машинисі дәрежесіне көтерді. Депо мен бөлімше басшылығының сеніміне ие болып, құрметке бөледі. Ол өзіне көрсетілген құрметтің есесін нағыз теміржолшыға тән жауапкершілікпен қайтара білді. 

Талғаттың жолы тіпті де жеңіл болған жоқ, депода он шақты жыл слесарь жөндеуші болып еңбек етіп, тек 2003 жылы машинист көмекшісі болды, арада тағы он шақты жыл өткенде, 2013 жылдан бастап тепловоз машинисі болды. Әке өсиет еткен темірдей төзім деген осы емес пе?! 

Жалпы Сүйінқара қарияның балаларының үшеуі де әулет дәстүрін жалғастырып, бірі машинист, бірі кезекші, бірі тепловоз маманы болды. Ал Жақсылықтан тараған Талғаттың өз балалары Мақсат Астана депосында машинист көмекшісі, Барысхан Жезқазған депосының машинист көмекшісі болып, ата жолын жалғастырып келеді екен.

– Арал топырағында 1974 жылы туғанмын. Әкем Жақсылық Сүйінқараев өңірге танымал теміржолшы болған соң ұлдары түгел сол әкеге қарап бой түзеп, тәлімін алып өстік. Кішкентайымыздан теміржол бойының тіршілігімен етене таныс болғандықтан орта мектепті бітіргенде де теміржолдан өзге салада тіршілік жоқтай көрініп бірден таңдау жасадым. Теміржолшы болу кез келген адамның пешенесіне жазыла бермесе керек. Бұл салада шыдамдылық, жігер, байсалдылық пен кәсіпке деген адалдық болуы керек деп ойлаймын, – дейді өз ісінің шебері атанған Талғат Жақсылықұлы. 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл