Жас үздік мамандар анықталды

ҚТЖ келбеті
15.10.2024, 09:57
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 10-11 қазан аралығында Астанада ҚТЖ бойынша «Жас үздік маман» кәсіби байқауының IV республикалық кезеңі өтті. Байқауға Қазақстанның түрлі өңірлік филиалдарынан барлығы 49 жас теміржолшы қатысты. Олардың ішінде жолаушылар вагонының жолсеріктері, электровоз машинистері, қалпына келтіру пойызының кран машинистері, электромеханиктер мен тауар кассирлері бар.

Қатысушылар жарыстың алғашқы күні кәсіби біліктілігін дәлелдеу үшін өз салалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, тест тапсырды. Екінші күні олардың теориялық білімі тексеріліп, мамандықтар бойынша өндірістік объектілерде тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде 5 түрлі сала бойынша қатысқан теміржолшылар өз саласынан жүлделі орындарға ие болды. Жолсеріктер арасынан жылдың үздік маманы болған Диана Бимбетова тапсырмалар еш қиын болмағанын, себебі бәрі күнделікті жұмыста қолданып жүрген ережелер мен талаптарға қатысты болғанын айтты.

– Өз мамандығымыздың шеңберінде қызметтік және заңнамалық сұрақтар қойылды. Тестілеуден барлық сұрақтарға толық жауап бердім. Екінші күні мамандықтар бойынша тиесілі өндірістік объектілерде тәжірибелік тапсырмалармен жұмыс істедік. Мәселен, жолаушылар вагонының жолсеріктері «Солтүстік» аймақтық филиалының техникалық паркінде кәсіби біліктілік пен дағдыларымызды дәлелдедік. «Зиксто» фирмасының вагонында түрлі ситуативті тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап бердік. Комиссия мүшелері техникалық біліктілігімізді, өрт жағдайындағы іс-қимылымызды, сервистік қызмет көрсету дәрежесін, теміржолмен жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктерді тасымалдау ережелерін білу, тілдерді меңгеру деңгейін тексерді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру арқылы өз ойымды анық және нақты жеткізе білдім. Сондай-ақ өрт жағдайында іс-қимылдарды айқын және жеңіл көрсете алдым.  

Біздің жұмыста түрлі төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін, мұндайда білімің мен біліктілігің кез келген жағдайдан шығуға көмектеседі. Темір жол – менің шын көңілмен таңдаған таңдауым, адам кәсібін шын сүйіп, адал істеу арқылы ғана жетістіктерге жете алады, – дейді Диана қуанышымен бөлісіп.  

Ал белгі беру және байланыс дистанциялары арасынан озып шыққан Ермек Исмайылбеков осы салада 14 жылдық тәжірибесі бар маман. Қазір ол Шу сигнализация және байланыс дистанциясының СОБ электромеханигі болып еңбек етеді. Ол алдымен өзі жұмыс істейтін дистанцияда сынақтардан сүрінбей өткен. Сосын бөлімше бойынша дистанциялардың үздіктері арасынан суырылып шығыпты. Ал Астанадағы соңғы сында 12 әріптесінің арасынан топ жарып, жеңімпаз атаныпты.  

«Марқұм әкем ШЧ мекемесінде электр механигі болды, қазір екі ағам да осы салада, ШЧ-да істейді. Сондықтан бұл мамандық біздің қанымызда бар. Менің міндетім, Шу станциясына жақын Бірлік станциясында бағыттама бұрмаларына, бағдаршамдарға, автоматика, телемеханика құрылғыларына техникалық қызмет көрсету, – дейді Ермек.  

«Жас үздік маман» байқауының электровоз машинистері арасында екібастұздық Қанат Ибраев жеңімпаз деп танылса, қалпына келтіру пойызының кран машинистері арасында Шу станциясынан Нұрлан Салмақбаев І орынды иеленіп, тауар кассирлері арасынан Железорудная станциясының қызметкері Ирина Алешинко бас жүлдегер деп танылды. І орын алғандарға «Жас үздік маман» мүсінімен қатар 300 мың, ІІ және ІІІ орын алғандарға 250 мың және 200 мың теңгелер көлемінде сыйақы берілді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды