Еңбек адамы: Сарысайдың станция кезекшісі

ҚТЖ келбеті
23.01.2025, 09:28
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Ғасыр құрылысы» атанған «Хромтау-Алтынсарин» магистралі бойында пайда болған Сарысай станциясы шағын ауылдың тіршілік тамырына қан жүргіртіп тұрған жүрегі іспетті.  

Станциядағы басты жұмыс – жүк тиеу. Орта тәулікпен күніне 4-7 пойыз қабылдап, өткізеді. Негізінен кен және қиыршық тас тиеледі. Жерасты қазбаларға бай Хромтау аймағында тиелетін кен, қиыршық тас тиеген вагондар осы Сарысайдан өтеді. Мұнда қазір «Восход Трейдинг» зауыты жұмыс жасап тұр. Кірме жолда кен тиеледі. Ал «Базальт-А» ЖШС қиыршық тас шығарады, тиейді.  

Станция кезекшісі Айдаралы Бижанов – аумақта теміржол қатынасы орнағаннан бастап осы саланы меңгерген жергілікті тұрғындардың бірі. Оның теміржолға бет бұрғанына биыл 17 жыл. Еңбек жолы 18 жасында Никельтау жол дистанциясында бастады. 2008 жылы станцияға ауысып, жүк қабылдаушы болды. Кейін Сарысайға жүк қабылдап-тапсырушы болып ауысты. 2009-2019 жылдар аралығында осы жұмыста тиянақтылығы мен жауаптылығын көрсете білді, сонымен қатар білімін жетілдіруді де ұмытқан жоқ. 2019 жылдан бастап Сарысай станиясының кезекшісі болып еңбек жолын жалғастыруда.  

– Сарысай – «Хромтау-Алтынсарин» темір жолының бойындағы 7 станцияның бірі. Өңірге темір жолдың салынуы жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне айрықша әсер еткен оқиға болды. Ауыл тұрғындары станцияға және станция бойында бой көтерген нысандарға жұмысқа тұрып, балаларын темір жолдың оқуына жіберіп, жергілікті халық теміржолшы мамандығын тез игере бастады. Біздің отбасы бұл кәсіппен ертеден таныс, әкем теміржолшы, жолшы болған. Ағам да   ширек ғасыр ғұмырын шойын жолға арнаған, «Құрмет» орденін иеленген теміржолшы. Станция кезекшісі – ауысымдық жұмыс, өзіме өте ұнайды. Пойызды қабылдау, жөнелту, келген пойыздармен операциялық жұмыстарды жүзеге асыру, вагон депосы жұмысшыларымен бірге вагонды тексерген соң жолға дайындау сынды қым-қуат қимыл-қозғалыстың ортасында отырып уақыттың қалай өткенін білмей қаласың, – деді Сарысай станиясының кезекшісі Айдаралы Бижанов.  

Станция кезекшісінің алдында тұрған «Ауысым кестесінде» вагондардың әрбір қозғалысы сызылып-жазылып отырады. Таблода станция жолдары да ап-анық көрініп тұр.

– Міне, мынау қызыл жолақтағылар «вагондар тұр» дегенді, ал түссізі «бос жолдар» дегенді білдіреді. Он минутта мына жолды босатып, оған жүк пойызын қабылдайтын боламыз, – деп тәптіштей түсіндірді таблодан көз алмай телефонмен қозғалысты реттеп отырған теміржолшы Айдарлы Бижанов.  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды