Қырағы өткел кезекшісі жол апатының алдын алды

ҚТЖ келбеті
31.01.2025, 09:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол жолаушылар мен жүк тасымалдаудағы ең қауіпсіз көлік түрлерінің бірі саналғанмен, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету теміржолшылардың жоғары қырағылығы мен жауапкершілігін талап етеді.

Қызылорда жол дистанциясының өткел кезекшісі Жарқынбек Жаңабаевтың кәсіби қырағылығы арқасында болуы мүмкін теміржол апатының алдын алды.  

– Бұл күні дистанцияның Қараиірім – Жалағаш перегонының 2742 шақырымындағы теміржол өткелінде Жарқынбек Жаңабаев кезекшілік атқарып тұрған. Қырағы кезекші сол сәт өткелден өтіп бара жатқан №2802 жүк пойызы вагондарының бірінен төменгі жалпы жолақтың сынығын көзі шалып қалады. Жағдайды тез бағамдап үлгерген ол дереу дабыл көтеріп, дистанцияның диспетчеріне, жауапты тұлғаларға, оның ішінде Жалағаш станциясының кезекшісі А.Ембергеновке хабарлайды. Станция кезекшісі өз кезегінде машинистке радиобайланыс арқылы хабарласып, пойызды тоқтату туралы бұйрық береді. Тиісті нұсқаулыққа сәйкес пойызды тоқтату шаралары қабылданып, сараптама жұмыстары жасалынды. Нәтижесінде вагонның ақауы дәлелденіп, құрамнан ажыратылуына шешім қабылданды. Бұл оқиға теміржол саласында жұмыс істейтін әрбір қызметкердің өз міндетіне деген адалдығы мен жауапкершілігінің деңгейін көрсетеді. Вагондағы жалпы жолақтың сынуы пойыздың рельстен шығып кетіп ауыр зардаптарға соқтыруы әбден мүмкін еді, – деді Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов.  

Өткелде анықталған оқиға кез келген ситуацияда теміржол қызметкерлерінің қырағылығы мен жауапкершілігі қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Егер өткел кезекшісі Жарқынбек өтіп бара жатқан пойыз вагондарына жіті назар аударып, бақыламаса, ақау анықталмай, соңы апатқа ұласуы мүмкін еді. Өткел кезекшісі пойыздардың қауіпсіз қозғалысын бақылап қана қоймай, кез келген күмәнді жағдайға жіті назар аударып, уақытында әрекет ете білгенінің арқасында апаттың алды алынды.  

– Теміржол өткелінде болған оқиғада мен өткел кезекшісінің міндетіне сәйкес әрекет еттім және мұндай жағдайда кез келген теміржолшы нұсқаулыққа сәйкес осылай әрекет етіп, шешім қабылдар еді. Ең бастысы, бұл жағдай қозғалыс қауіпсіздігі шараларын одан әрі күшейтуге септігін тигізеді деп ойлаймын, – дейді қырағы өткел кезекшісі Жарқынбек.  

Теміржол қауіпсіздігі – тек заманауи техника, автоматтандыруда ғана емес, сонымен қатар адами фактор мен кәсіби қырағылыққа да байланысты. Оның жарқын мысалы қарапайым еңбек адамы өткел кезекшісінің өз міндетіне адалдығы мен жедел әрекеті арқылы үлкен апаттың алдын алуы дер едік. Иә, біз күнделікті өмірімізді тыныш және қауіпсіз ететін адамдар бар екенін жиі ойлана бермейміз. Қауіптің алдын алу бұл жолы қарапайым өткел кезекшісінің пешенесіне жазылыпты...  

 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын