Теміржолға адал қызмет

ҚТЖ келбеті
26.03.2025, 12:50
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұзақ жыл темір жол саласында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан қарапайым мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде жеткілікті. Солардың бірі – Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл пайдалану локомотив депосының 1-санатты машинисі Әскербек Жанғазиев Сағитжанұлы. Ол табан аудармай қызмет еткен жылдар ішінде  біліктілігі мен кәсіби шеберлігінің арқасында ұжымға сыйлы болды.  

Бірінші санаттағы машинист темір жолдың дамуына, ел экономикасының күре тамыры болып табылатын саланың өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді. Еңбек жолын 2005 жылы Сексеуіл пайдалану локомотив депосында шаруашылық цехының қарапайым жұмысшысы болып бастаған. 2006 жылы машинист көмекшісі болып тағайындалып, Сексеуіл-Қазалы телімінде жүк құрамын тасымалдайды. Біліктілігі артып, «тепловоз басқарсам» деген оймен Әскербек 2010 жылы Ақтөбе өңірлік машинист даярлау курсын жақсы нәтижемен аяқтайды. Сөйтіп Сексеуіл пайдалану локомотив депосында 2012 жылдан бастап машинист қызметін атқарып келеді.

 Қажырлы еңбегінің арқасында қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, адал еңбек атқарып жүрген үлгілі машинист Сексеуіл-Шалқар телімінде жолаушылар тасымалы, Сексеуіл-Қандыағаш, Сексеуіл-Ақтөбе телімдерінде «Тұлпар Тальго» жүрдек жолаушылар тасымалы бойынша тепловоз тізгіндеп келеді.  

«Жолаушыларды жылдың қай мезгілі болса да, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан межелі жерге қауіпсіз жеткізуді басты борышым деп санаймын. Себебі бұл атадан әкеге, әкеден маған дарыған қасиет десем артық болмас. Атам Өтепберген кезінде теміржолшы, яғни вагон кондукторы болған, ал әкем, менің мақтанышым Сағитжан Жанғазиев ұзақ жылдар бойы Сексеуіл депосында машинист болып мінсіз қызмет атқарған. Сол үшін 1985 жылы «Құрметті теміржолшы» атағын алған, солардың ізін жалғап теміржолшылар әулетінің кәсібін мирас етіп келе жатқанымды мақтаныш етемін», -  дейді ол.

 Қазір Әскербек құдай қосқан жан жары Ұлболсын екеуі 3 қыз, 2 ер бала тәрбиелеп отыр. Көпке үлгілі болған отбасының отағасы болашақта ұлдары ата жолын қуып, теміржолшы болса деген тілегін де жеткізді.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды