Темірден түйін түйген Момын Өтегенов – 95 жаста

ҚТЖ келбеті
30.05.2025, 09:05

Темір жолда темірден түйін түйіп, ұсталық еткен Момын Өтегенов биыл 95 жасқа толды. Абыз ақсақалды Тараз қалалық ардагерлер кеңесі мерейжасына орай «Тараз қаласының Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапаттап, қазақи дәстүрмен иығына шапан жапты.

Момын соғыс басталғанда 11 жастағы бала еді. Әке-шешесі темір жолдың қосалқы шаруашылығында. Ол шаруашылықтың атауы «қосалқы» болғанымен, әлеуеті әжептеуір. Бірнеше гектар жері бар. Онда көкөніс пен жемістің бірнеше түрі өсіріледі. Тауарлы-сүт фермасында сүт өндіріледі. Бәрі де теміржолшыларға арналған. Өндірілген өнім жұмысшыларды қамтамасыз ету бөлімі арқылы Жамбыл теміржол бөлімшесіне қарасты теміржол бекеттеріне таратылады.  

Соғыс басталғанда «подхоз» деп аталатын осы құрылымда жұмыс істейтін барлық ер-азаматтар әскерге алынды да, олардың орнын шал-кемпірлер, қыз-келіншектер мен балалар басты. Момын да осы жерде әртүрлі жұмыс істеп жүрген. Арқасүйер әкеден айырылғаннан кейін Момын теміржол басшылығынан жұмыс сұрай барған. Темір жолда жалақы жақсы әрі айлық уақытылы. Депоның бастығы ма, станса бастығы ма, есінде жоқ, Онищенко деген кісі Момынды жұмысқа емес, оқуға қабылдады. Теміржол училищесіне. Темір ұстасының оқуына. Момын аң-таң, темірді қыздырып, төске қойып соғу, әртүрлі үлгіге келтіріп ию үшін оқудың керегі не?! Жоқ, керек екен. Темірді көрікте ұстау, содан кейін төске қойып әртүрлі үлгіге салып соғу, одан кейін «суару» оңай емес екен. Оның да өз технологиясы бар. Әйтпесе жасаған бұйымың сапасыз болып шығады. Училищеден темір ұстасы мамандығын алып шыққан Момын бірден депоға жұмысқа қабылданған. Қайда да болса білім мен біліктіліктің бір-бірімен ұштасқаны тиімді. Момын осындай тиімділікпен жұмыс істеді. Темірді көрікте ұстау, одан кейін қажетті үлгіге келтіріп соғу, қатайтып суару – бәрін-бәрін тәртіпке сай жасады. Сол ұқыптылық пен ұстанымның арқасында жасаған бұйымдарынан ақау шыққан емес. Момын вагон жөндеуге қажетті бұйымдардың бәрін: балта, батпан, балға, шеге, кемпірауыз, шеге суырғыш, темір кесетін шапқы, тағы басқа бұйымдар мен еңбек құралдарын жасады. Осының бәрін көмекшісі екеуі батпан балғамен (кувалда) соғып жасайтын. Кейін механизм күшімен жұмыс істейтін балға шығып, ұсталардың жұмысы біршама жеңілдеді ғой. Әйтпесе жұмыс өте ауыр болатын. Бірақ өзі сүйіп таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеу Момын үшін өте қызық еді. Ол әрбір істі бар ынта-ықыласымен орындайтын.  

Момын Өтегенов басшылар тарапынан берілген тапсырманы айтылған уақытта орындап, темірдей тәртіпке бағынды. Табан аудармай 43 жыл жұмыс істеді. Еңбегі елеусіз емес. Ол Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды. Суреті еңбек озаттарының Құрмет тақтасы мен аллеясына ілінді. Есімі Қазақстанның Алтын кітабына жазылды. Ол сондай-ақ Жеңістің 40, 50, 60, 70 жылдық мерекелік медальдарының, «Коммунистік еңбектің екпіндісі», «Бесжылдықтың озаты» төсбелгілерінің иегері.  

Момын ақсақал – өскен-өнген отбасының отағасы. Ол кіндігінен тараған 8 перзентінен немере, шөбере, шөпшек сүйіп отыр. Биыл темірден түйін түйген еңбек ардагері 95 жасқа келіп отыр. Қария әлі де тың. Үй іргесіндегі шағын шаруашылығына өзі қарайды. Қолын қусырып қарап отыру – қарияға жат.  

Болат ЖАППАРҰЛЫ,  

Қазақстан Журналистер  

одағының мүшесі

 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл