Сайыс өте қызық әрі қиын болды – Жасұлан Смағұл

ҚТЖ келбеті
28.07.2025, 13:58
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда теміржолшылары үшін 2025 жылдың шілде айы ерекше қуанышты жаңалықпен есте қалды. Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Қызылорда локомотив пайдалану депосының жүк пойызы машинисі Жасұлан Кенжеғұлұлы Смағұл Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен халықаралық «Кәсіби мамандар» чемпионатында топ жарып, жүлделі 2-орынды иеленіп, ел мерейін асқақтатты.

Сайысқа түскен машинистердің кәсіби деңгейін анықтау үшін машинистік шеберлігін таразылап, теориялық білімін сынға салып, күйзеліске төзімділігін екшелеп, түрлі ситуациялық жағдайларға байланысты жедел әрекет етіп, шешім қабылдай білу қабілетін зерделеген сарапшылар осы сынның бәрінен сүрінбей өткен қызылордалық Жасұланды бір ауыздан сөзсіз мойындап, жүлделі орын берді.  

21-25 шілде аралығында «Ресей темір жолы» (РЖД) компаниясының ұйымдастыруымен өткен байрақты бәсекеде Жасұлан машинист-нұсқаушысы Серік Сарықұловпен бірге Қазақстан атынан өнер көрсетті. Чемпионатқа Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения сынды ТМД елдерінен жиналған 3600-ден астам кәсіби маман 60 түрлі сайыс бойынша бақ сынаған. Ауқымды додада Жасұлан жүк локомотивін басқарудан жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық сарапшыларды өзінің терең теориялық білім-тәжірибесімен және кәсіби шеберлігімен тәнті етті.

– Екатеринбург қаласында өткен РЖД екінші финалы жарысында жүк локомотивін басқарудан қатыстым. Сайыс өте қызық әрі қиын болды. Біраз тәжірибе керектігін аңғардым. Бұл 2-орын мен үшін бірінші орыннан кем емес. Бұл жеңіс мен үшін ғана емес, бүкіл елім, ұжымым үшін зор мәртебе. Локомотив басқару секілді маңызды салада халықаралық деңгейде мойындалу – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз еңбектің жемісі. Бұл жетістік – әріптестерімнің қолдауы мен өз мамандығыма деген адалдығымның көрінісі,– дейді Жасұлан.

Жасұланның жеңіспен елге оралуын Қорқыт ата халықаралық әуежайында ата-анасы, туған-туыстары, Қызылорда локомотив пайдалану депосының бастығы Нұртай Байғазы, депо бастығының орынбасарлары Қаныш Өтеген, Қайрат Ибадуллаев,  машинист-нұсқаушылар, депо машинистері мен әріптестері салтанатты түрде қарсы алды. 

Депо бастығы Нұртай Байғазы бұл жетістіктің тек Жасұланның ғана емес, ұжымның, тіпті тұтас Қызылорда өңірі теміржолшыларының абыройы екенін атап өтті:

– Жасұланның бұл жетістігі теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында үлкен сый болды. Ол ресейлік теміржолшылар мен сарапшылардың алдында өз білімін дәлелдеп, біздің елдің теміржол саласындағы біліктілігін паш етті. Жасұланның жеңісі – біздер үшін үлкен мақтаныш. Бұл – ұжымымыздың ортақ қуанышы.

Жасұлан теміржолшылар отбасында тәрбиеленіп өскен азамат. Әкесі Кенжеғұл кезінде Теміржолсу-Қызылорда мекемесінде ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнетке шыққан. «Ұлымның халықаралық додада ел намысын қорғап, үздіктер қатарынан көрінуі – Қазақстан темір жолы саласындағы кәсіби деңгейдің жоғары екенін көрсетеді. Жасұланның бұл жетістігі – болашақ мамандарға үлгі, ал отандық сала үшін – сенім мен үміттің жарқын көрінісі», – дейді Кенжеғұл.

Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы