«Өнегелі отбасы» – теміржолшылар әулеті

ҚТЖ келбеті
10.11.2025, 13:08
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржол саласына тұтас әулетімен қажыр-қайратын арнаған Айнақұловтар – Жамбыл облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «Өнегелі отбасы» байқауында бас жүлдені иеленді. Бұл теміржолшылар отбасының қоғамдағы үлкен жеңісі екені даусыз.  

Бүгінде әулеттің екі буын ұрпағы шойын жолдың бойында тер төгіп, қажырлы еңбек етіп келеді. Мұрат Айнақұлов – Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинисі, жұбайы Інжу Шаханова Тараз станциясында коммерциялық агент болып жұмыс істейді.  

Тағдыр теміржол бойында таныстырып, табыстырған жұптың екі ұлы да осы саланы таңдапты. Тұңғыштары Нұрлан мен кенжесі Нұржан да қазіргі уақытта Тараз станциясында вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші болып қызмет етіп жүр.

– Күретамыр жолдың бойында талай тағдыр тоғысты, талай отбасы несібе-ризығын осы саладан тауып отыр. Менің әкемнің ағасы Арынбай атамыз Түркісіб темір жолының құрылысына қатысқан. Жиырма жасында Луговой станциясында тас төсеп, қара жұмыс істеген. Соғыс басталғанда майданға аттанып, бір қолын тастап келсе де еңбектен қол үзбеген. Темір жолға қайта оралып, станцияда жол монтері болып еңбек еткен. «Келешекте немере-шөберелерім табысы тұрақты осы темір жолды таңдасын» деп өсиет етіп отырады екен, – дейді Мұрат Айнақұлов.

Машинист Айнақұловтың жұбайы Інжу Шаханова 1984 жылы Қызылорда теміржол техникумын тәмамдап, жолдамамен Жамбыл станциясына келген маман болатын. Таныстық «теміржолшылар үйі» аталып кеткен жас мамандарға арналған жатақханада басталған. «Екеуіміздің осы салада қызмет етіп келе жатқанымызға 40 жылдай уақыт болыпты. Екі ұлымыз бар, екеуі де біздің ізімізді жалғап, теміржол саласында еңбек етуде. Бүгінде сол ұлдарымыздан сегіз немере сүйіп, ата-әже атанып отырмыз, – дейді ол.

Теміржолшылар әулетіндегі еңбек дәстүрін жалғап келе жатқан Нұрлан, Нұржан Айнақұловтар – өз міндеттеріне жауапты мамандар.

– Темір жол – жауапкершілігі мол сала. Әр пойыздың қауіпсіздігі, әр жолаушының амандығы бізге артылған сенім. Теміржолшылар әулетіндегі ұрпақтар сабақтастығын сақтап, балаларыма да адалдық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсеткім келеді. Болашақта балаларым да әулет жолын жалғайды деп сенемін, – дейді Нұржан Айнақұлов.

Үш буын ұрпақтың саладағы еңбек өтілі бүгінде 100 жылдан асады екен.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды