Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды

ҚТЖ келбеті
11.03.2026, 14:31
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ үздік қызметкер әйелдерді ұлықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Солардың қатарында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық жолаушылар тасымалы жөніндегі филиалының Атырау телімі билет кассаларының меңгерушісі Ажар Еңсепқызы Ахметова Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Атырау облысы Жылыой ауданында дүниеге келген Ажар Еңсепқызы теміржол саласында 36 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Еңбек жолын Құлсары қаласындағы теміржол вокзалы кассасында бастап, бүгінде 17 жылдан астам уақыт Атырау теліміндегі билет кассаларының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді.

1990 жылы Гурьев теміржол транспорты техникумын тәмамдаған. Кейін өндірістен қол үзбей жүріп, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында білім алып, автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

Отбасында екі баланың анасы, екі немеренің сүйікті әжесі.

Әріптестері Ажар Еңсепқызының еңбегін жоғары бағалап, бұл марапат оның көп жылғы адал қызметінің лайықты жемісі екенін айтады.

«Еңбек жолымда көптеген марапаттар алдым. Бірақ бұл мемлекеттік марапат мен үшін ерекше. Осындай жоғары баға берген мемлекетімізге алғысым шексіз», – дейді Ажар Ахметова.

Теміржол саласына адал еңбек еткен жанның еңбегі әрдайым құрметке лайық!

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді