Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді

ҚТЖ келбеті
10.07.2026, 08:59
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Сайөтес станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы Еділ Дабысбаев қауіпті ақауды анықтады.

1-ші шілде күні кезекті ауысымдағы жұмысын атқарып жүрген 5-дәрежелі вагон қараушы-жөндеуші Маңғыстау бағытынан келген құрамның вагон доңғалағынан оғаш дыбыс естиді. Темірге балғамен соққан дыбыстан «диагноз» қойып үйренген жігіт тізбекте төртінші тұрған 94299658 нөмірлі вагонда бұл тарсылдың өзгешелеу естілгенін байқайды. Анықтап қарап, букс торабының салқын күйде ығысуын байқайды. Тиісті басшылардың қатысуымен тексере келе букс торабы 17 мм ығысқаны белгілі болды.  

– Бұл ақаулық мінездемесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, вагонның жолдан шығуына әкелуі мүмкін қауіпті ақауға жатады. Вагон дереу құрамнан ағытылып, жөндеу тұйығында жұп доңғалағы ауыстырылады. Вагон Маңғыстаудан Алтынкөлге бара жатқан, жүксіз жайдақ вагон еді. Еділ Дабысбаев бізде 2022 жылдан бері жұмыс істейді, тәжірибесі толысып келеді, өте қырағы жігіт, бәрін байқайды, бүгін міне, қауіпті ақауды анықтап отыр, – дейді Сайөтес техникалық қызмет көрсету пунктінің басшысы Манарбек Жаңбырбаев.  

 

Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді