Теміржол тарланына тағзым

ҚТЖ келбеті
24.07.2026, 08:43
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас есептеу орталығы филиалында Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиевтің құрметіне ақпараттық-танымдық іс-шара өтті. Оған Құрметті теміржолшымен қатар Қанат Әлмағамбетов, Қайрат Рсымбетов, Гүлнара Таласпаева сынды танымал теміржолшылар қатысты.

– Ел Үкіметінің Мемлекеттік тілді насихаттау туралы қаулысын орындау аясында «Бас есептеу орталығы» филиалында жергілікті және өңірдегі қызметкерлермен ай сайын онлайн және осындай офлайн кездесулер өткізіп тұрамыз. Бұл жолы алғаш рет ұйымдастырылып отырған ақпараттық-танымдық іс-шара еңбек жолын қарапайым станция кезекшісінен бастап, теміржолдың әртүрлі қызметтік сатыларынан өтіп, қай жұмысты да абыроймен атқарған Болатбек Бекеуұлы Дүйсемалиевтің өмір жолына, еңбек жолына арналды. Оның үстіне, биыл Қазақ темір жолы құрамында Целиноград станциясындағы Тораптық есептеу орталығының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Ал Құрметті теміржолшы Болатбек Бекеуұлы Бас есептеу орталығы үшін маңызды кезең, яғни Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1991-1993 жылдары Алматыдағы Информ-есептеу орталығын басқарды. Сондықтан біз орталықтың мерейтойында ел егемендік алып, есін жинап үлгермеген қиын сәттерде орталық жұмысының қисынын келтіріп, тетігін тауып жүргізген білікті басшымен кездесу өткізіп, оның еңбек жолынан сыр шертуді, көпшілікке үлгі-өнеге етуді жөн көрдік, – деп ой бөлісті Бас есептеу орталығының (БЕО) менеджері Қаламқас Алпысбаева.  

Болатбек Дүйсемалиев темір жолда тер төккен жылдарында түрлі қызметтің тізгінін ұстады. Қызылордада станция кезекшісі болып бастаған еңбек жолы пойыз диспетчері, оперативті-басқару бөлімі бастығы, Целиноград станциясының бастығы, Алматы теміржол басқармасында бас инженер, Шымкент жол бөлімшесінде бас инженер, Информ-есептеу орталығының бастығы, «Желдорэкспедиция» бас инженері, Тасымалдарды басқару орталығының директоры, Тасымалдау процесін үйлестіру департаментінің директоры... тағысын тағы қызметтерге ұласты. Сексеннің сеңгіріне бет алған теміржол майталманы 2014 жылдан бері Орталық Ардагерлер кеңесіне төрағалық етіп келеді.  

Дүйсемалиевтің еңбек жолы туралы онымен үзеңгілес болған немесе тәлім-тәрбиесін көрген әріптестері естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Бұл кездесудің ерекшелігі, қатысушылар теміржолшылардың видео арқылы қойған сұрақтарына жауап беріп, дұрыс жауабын тапқандарға БЕО брендінің пледтері, ал әуен арқылы жасырылған әнді тапқандарға кітапшалар тарту етілді.  

Болатбек Дүйсемалиев осындай ақпараттық-танымдық іс-шараны ұйымдастырған Бас есептеу орталығының басшылығы мен ұжымына, ізін басқан теміржолшы іні-қарындастарына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Орталық ұжымы Болатбек Бекеуұлына қазақы нақыштағы картина тарту етіп, естелік суретке түсті.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады