Еңбектің еш болмағаны

ҚТЖ келбеті
29.09.2019, 12:01
Оқуға 3 мин

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың салмақты жүгін арқалап, адал атқарғаны үшін ешкімнен мадақ күтпейтін қарапайым адамдар болады. Солардың бірі – Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде «Логистика және жүк тасымалдауды қамтамасыз ету» бойынша бөлім бастығы Беркімбаев Балмырза Абайұлы. Жуырда кейіпкеріміз «Үздік маман» атанып, көп жылғы еңбек жолындағы алғашқы марапатына ие болды.

 Ақтөбенің Қандыағаш ауданы Жұрын станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген Балмырзаға сала жұмысы бала кезден таныс. Үйі мен шойынжолдың арасы елу метрге де жетпейтін болғанын еске алады. Есейе келе теміржолда жұмыс жасайтын анасы Ақұштапқа қолғабыс жасайтын болған. 1986 жылы бала күнгі арманына жетуге мақсат қойып, Ақтөбедегі теміржолшылар дайындайтын училищеге түседі. Онда 3 жыл білім алып, теміржол бригадирі мамандығын алып шығады.

Алайда, училище бітірген 1989 жылы жас маманға әскер қатарына шақырту келіп, Ресейдің Волгоград ауданындағы ракеталық дивизияға түседі. Сарбаздардың жеке құжаттарын қарап, мамандығы бойынша роталарға бөлгенде жас жігіт теміржолшылар ротасына түседі. Бұл Балмырза үшін «іздегенге – сұраған» екен. Себебі, әскери теміржол училищесіне оқуға түсуді армандайтын, кішкентайынан теміржолдың бойында әрі теміржолшы отбасында өскен бала үшін өзіне таныс сала ортасында жүргеннен қызық не бар?! Оның үстіне жартылай әскери тәртіпте жұмыс істейтін теміржолшы болу үшін моральдық және физикалық дайындықта болуы керек екенін де жадына түйген.

Міне, сондықтан осы ротада негізгі әскери міндетінен бөлек теміржол аумағын күту, қар тазартқыш көлікті басқару сынды жұмыстарды атқарып, өзінің сүйікті кәсібінен қол үзбегенінің арқасы екі жылдан соң елге келіп жұмысын қайта жалғастырғанда еш қиындық көрмегенін айтады.

Ақтөбедегі вагон депосында слесарь-ходовик мамандығы бойынша жұмыс істеп жүріп вагондарды жөндеу жұмысының қыр-сырына қанығады. Сырттай теміржол институтына түсіп, білімін де жалғастырады. Балмырзаның жұмыстағы жауапкершілігін байқаған басшылар оны Ақтөбе станциясына пойыз құрастырушы етіп жібереді. Бұдан кейін станцияда сұрыптау дөңесі кезекшісі, станция кезекшісі, станцияның техника бөлімінде инженер, станция бастығының орынбасары, ревизор лауазымдарын атқара жүріп, мол тәжірибе жинайды. Соңғы үш жыл Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің Автоматтандырылған басқару жүйесінде (АСУ) жауапты қызметін абыроймен атқарып келеді.

– Біздің негізгі күнделікті атқаратын жұмысымыз – жүк тиеу мен жүк түсіруді ағымдық жоспарға сәйкес қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта негізінен қиыршық тас, құм, Хромтаудан тиелетін темір кені, Бадамша ауданы, Кемпірсай станциясынан тиелетін түрлі- түсті металл, кендерді тапсырысқа сай, шашау шығармастан жөнелтіп отырмыз. Жүк тасымалдауда жетістігіміз де жаман емес. Биылғы 8 айдың қорытындысымен жүк тасымалдау 105,5 пайызға орындалды. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артты. Сонымен қатар біз, Атырау облысы бойынша былтыр басталған жоба – «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан жол салу мен жөндеу жұмыстарына қатысып, атап айтқанда батыс өңірін құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп келеміз, – дейді бөлім бастығы.

Балмырзаның жұбайы Беркімбаева Айнұр Ақтөбе станциясының техникалық кеңсесінде оператор болып еңбек етеді. Бақытты отбасында екі бала өсіп келеді. Қыздары Әйгерім мен ұлдары Темірлан Ақтөбедегі А.Жұбанов атындағы универитетте білім алуда, студенттер. 

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады