Бейнет түбі - зейнет

ҚТЖ келбеті
08.11.2019, 14:35
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау теміржолына еңбегі сіңген азаматтар аз емес. Солардың қатарына күні кеше өлке теміржолшылары құрметтеп зейнет демалысына шығарып салған Ақжайық пен Атырау белгі беру және байланыс дистанцияларының басшылары Мақсот Тарғынов пен Қабидолла Айтимовты айтуға болады.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі басшысы Мағауия Оразқұлов пен Магистральдық желі бөлімшесі директоры Елубай Сапаров екі азаматқа көпшілік алдында құрмет көрсетіп, ұзақ жылғы елеулі еңбектің зейнетін көру жасына жетуімен құттықтады. Екеуі де қырық жылға жуық өңір теміржолының байланыс саласына айтарлықтай еңбек сіңірген, «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болған абыройлы азаматтар.

Мақсот Жұмағалиұлы еңбек жолын 1974 жылы Гурьев сигнализация және байланыс дистанциясында электромонтер болып бастаған. Әскерден келген соң Алматыда электромеханик мамандығына оқып, Ақтөбе теміржол техникумын бітіріп, содан аға электр механигі, «Ақжайық БББ» ЛЭП орынбасары, соңғы он екі жыл осы дистанцияның басшысы қызметін атқарды. Атырау-Сағыз телімін қамтитын және өз учаскесінде 19 станция, 22 өткел және 5 диспетчерлік айналымға қызмет көрсететін Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясының жұмысы дұрыс жолға қойылғанын біле беріңіз, соңғы 26 жыл бойына ақаусыз жұмыс істеген.

Өңірде соңғы жылдары «Тальго» жүрдек пойызының жүруіне орай, Мақат станциясының екі жағынан, Жамансор, Мұқыр, Жантерек, Ескене және Теңдік станцияларында қорғалатын, күзетілетін, автошлагбаумы бар 7 өткел салынды. Бүгінде дистанция барлығы 22 өткел жұмысын қадағалап отыр. Байланыс саласындағы тың өзгерістерді Мақсот аға тез игеріп, өндіріске батыл енгізіп отыруымен де өзгелерге үлгі болды. Соның арқасында 33 жасында «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды.

Қабидолла Табылдыұлы да Гурьев теміржол техникумын техник-электрик мамандығына бітірген соң еңбек жолын Гурьев байланыс дистанциясында электр монтері болып бастаған. Аға электромеханик, Атырау-Нарын учаскесінің бастығы, Гурьев бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігін бақылау ревизоры, 1993 жылдан Атырау сигнализация және байланыс дистанциясының директоры болып еңбек етті. Атырау-Ганюшкино телімін қамтитын Атырау сигнализация және байланыс дистанциясы өз учаскесінде 15 станция, 10 өткел және 5 диспетчерлік айналымға қызмет көрсетеді. Дистанцияда ең алдымен, бағдаршамдар дұрыс жұмыс жасауы тиіс. Соған орай, Махамбет станциясында, 4, 15 бекетте бағдаршамдар жаңартылды. Сол секілді Ганюшкино, Махамбет, Исатай, Аққыстау, Тумманное, Д.Нұрпейсова, т.б. станция-разъездерде релелік шкафтар, ТШ-2000 релелері ТШ-65-ке, жерүсті кабельдері жерастына, КТСМ қондырғылары жаңасына алмастырылып, белгі беру мен байланысты жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілген. Соңғы технологияларға сай бұрынғы ПОНАБ қондырғысы жетілдірілген КТСМ-02 қондырғысымен жаңартылды. МаңғыстауБейнеу-Оазис-Мақат-Атырау-Ақсарай учаскелерінде ұзындығы 1196 шақырымды құрайтын диспетчерлік орталықтандыру қондырғысы түбегейлі жаңартылды. Мұнда да байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып, еңбек үдерісінің үдеуіне жағымды ықпал етуде. Бұл дистанция да ұзақ жылдар ақаусыз жұмыс істеген. Алматы теміржолшылар институтының түлегі Қабидолла Айтимов та «Құрметті теміржолшы» атанған.

Бір салада қырық жылдың үстінде үздіксіз еңбек еткен қос теміржолшыға әріптестері ұзақ жылғы бейнеттің зейнетін көруді, сол үшін мықты денсаулық тіледі. 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?