Әйел басқаратын бекет

ҚТЖ келбеті
09.03.2020, 09:14
Оқуға 3 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстан батысқа, батыстан шығысқа иен даланы доңғалақ әуеніне бөлеп, зуылдап өтіп жататын пойыздар легі бір толастамайтын шойынжолдың бойында жатқан Диірментөбе бекетін басқаратын Меруертгүл Бержанова, міне, осы жерде отыз бірінші көктемін қарсы алғалы отыр...

Тапжылмай бір бекетте отыз бір жыл жұмыс жасау, оның ішінде бөлімшедегі жалғыз әйел басшы болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Жұмысқа деген жауапкершілік және еңбекқорлықпен қоса әйел адамға тән шыдамдылық, жігерлілік, аналық мейірім – бәрі бір өзінің бойынан табылған кейіпкерімізді көрген жан оның бір бекетте тапжылмай жұмыс жасауының сырын ұғынар еді.

Ол – теміржолға деген махаббат, теміржолшы кәсібіне адалдық. 1961 жылы Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының электромонтері Қалабайдың отбасында дүниеге келген Меруертгүл есейе келе ата-анасының жолын жалғастырып, теміржолшы кәсібін таңдауы таңданарлық жайт емес, он баланың үшеуі әке жолын жалғаған. Меруертгүл 1979 жылы Қазалыдағы теміржол училищесінде қозғалыс тасымалын ұйымдастырушы мамандығын алып, 1980-82 жылдар арасында Ақтөбе облысының Просторная станциясында тәжірибе жетілдіреді.

Жастайынан теміржолшылардың тіршілігіне қанық кейіпкерімізге екі жылдық өндірістік практика ауыр соқпаса керек. Теміржол саласындағы жауапкершілікті, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау деген заңдылықты өзі теміржолшы болғанда жете түсініп қана қоймай, осы заңдылыққа бойсұнып әрі оны өмірлік ұстанымы ретінде қабылдаған осы жылдар оны көп нәрсеге үйретті. Екі жылдан соң Қызылордаға қайта оралып, Елшібай бекетіне станция кезекшісі болып жұмысқа орналасады.

– Ал 1989 жылы Елшібай бекетінің жабылуына байланысты жолдасым екеуміз жас маман ретінде осы Диірментөбе станциясына келдік. Басшылық барлық жағдайымызды жасады. Жолдасым Қартбай Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының осы станциядағы механигі әрі бекет басшылығы қызметін кіріктірілген тәсілмен қоса атқарды. Екеуміз де осы теміржолдың «отымен кіріп, күлімен шығып», аз жылда нағыз теміржолшы болдық, өз кәсібімізді құрмет тұттық, теміржолға адал қызмет етсең қайтарымы болатынын ұқтық. Одан жаман болған жоқпыз, теміржол біздің өміріміздің мәніне айналды, – деді станция бастығы Меруертгүл Бержанова.

Аса қауіпті аймақ саналатын теміржол саласында әйел затының жұмыс жасауы оның тәуліктің әр сағатын тиімді пайдалануға жетелейді. Отбасының тіршілігі мен бекетте жұмысын қатар үйлестіру Меруертке оңайға түспеді. Ондайда Қожамжаров Кемал, Жайлаубай аға мен Жолдыбай Сыздықовтар секілді тәлімгер-ұстаздарының көмегі мен тәжірибесі көп болды. Теміржолшыға тән «командный голос» иесі болуды, яғни айтар ойыңды екі-үш ауыз сөзбен жеткізе білу, атқаратын жұмысыңды қысқа да нұсқа баяндауға тәрбиелеген де осы ұстаздары. Кейін өзі де осыған үйренгені сонша, кейде радиобайланысқа шыққан, телефонмен хабарласқан хабар жеткізушінің не айтқанын, нені ұғындырғысы келгенін ажырата алмай, «пәлен құрамнан түгенше вагон ажыратылады» деген екі ауыз сөзді ежіктеп әрең түсіндіретін жас мамандарға ескерту жасап, сөзін түзететін болды.

Жолдасы өмірден өткеннен кейінгі жесірлік қамытын арқалаған ауыр жылдары қолдап қамқорлық танытқан да теміржол әріптестері болғанын ұмытпайды. Бүгінде есейіп әке жолын жалғастырған Амандәулет, Жалғасбек, Айкерім және осы станцияда бекет кезекшісі болып жанымда жұмыс жасайтын Нұржанды жетілдіріп, қатарға қосуда да олардың еңбегі ерен. Қысқасы, Меруертгүлдің түсінуінше, теміржол – үлкен өмір мектебі де, ондағы адамдар бір отбасы.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті