Нейла Матаева - теміржолшының қызы

ҚТЖ келбеті
28.12.2020, 15:53
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолда ұрпақтар сабақтастығы – қалыпты жағдай. Әкесі не анасы теміржолшы болса, балаларының ата-анасының ізін жалғастыруы әбден мүмкін. Екінің бірі солай десе болғандай. Матаева Нейла да теміржолшылар отбасында өсіп тәрбие алғаннан кейін, теміржолдан алыс кетпеуін заңдылық дейді.

Әкесі Мақсот өмір бойы машинист болды, ал анасы Сәнім бөлімшенің техникалық бөліміне жетекшілік етті. Нейла да осы саланы қалап, қаладағы Ж.Жабаев атындағы мектепті бітірген соң, 1981 жылы еңбек жолын Гурьев-2 станциясында белгі берушіліктен бастайды. Теміржолдың әліппесінен өткен соң барып жоғары білім алуды көздеп, Алматыдағы темір жол көлігі инженерлері институтына оқуға түседі.1988 жылы институттың «Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша бітіріп, Гурьев-3 станциясына станция кезекшісі қызметіне тұрады. Бірнеше жыл тәжірибе жинаған соң басшылық оны Ақжайық станциясының кезекшілігіне жібереді. Ол кезде өзі шағын, жұмысы көп станцияға күні-түні ондаған пойыз, жүздеген вагон келіп-кетіп жататын. Соның бәрін қабылдап-жөнелтіп отыру – станция кезекшісінің басты міндеті. Нейла алғашында қиналғанын да жасырмайды, бірақ бірте-бірте мойын бұруға шама келтірмейтін қауырт жұмысқа біржолата ден қойып, жұмысын абыроймен атқарды.

«Талаптының еңбегі тасқа шеге қағады» дегендей, Нейла білгенімен шектеліп қалмай, талаптанып, әрдайым ізденіс үстінде болды. Содан да болар, ісіне мығым, білімі жоғары маманды басшылық бөлімшенің өндірістік-техникалық бөліміне ауыстырады. Бұл кезде оның тұрмыс құрып, ана атанып, үлгілі отбасының бірі болған шағы-тұғын. 

Содан бері, міне, 20 жылға жуық уақыт сол бөлімде маман, жетекші инженер, бөлім басшысының орынбасары міндетін атқаруда.

Бөлімнің жұмысы шаш етектен: бүкіл тасымал көлемі, өңірдегі барлық станциялардың жұмысы, түсірілген-тиелген жүктер, локомотивтер жүрісі, жүк салмағы, вагондар, көрсеткіштер, анализдер, тонналар, миллиондар... толған есеп-қисап. Осының бәрі Нейланың қолынан өтеді, жасақталады. Осы жұмыстарды ол әдемі жымиып қойып, үлкен ықыласпен атқарады. Сырттан келген маман емес, қателесуге жол жоқ, тұтас теміржолшылар отбасында тәрбиеленген атына, абыройына дақ түсіргісі келмейді. Ұжымдастары да Нейланы биік адамгершілігі, біліктілігі мен еңбекқорлығы үшін сыйлайды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды