Ақжайық станциясында өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

Қауіпсіздік
11.11.2022, 10:08
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ақжайық станциясында таңертеңгі сағат 10.00-де мұнай тиелген вагон отқа оранғаны туралы хабар жетті. Оны алдымен байқаған станцияның вагон құрастырушысы бөлімше кезекшісіне хабарлаған.

Осы сценарий бойынша өрбіген кезекті оқу-жаттығуда Ақжайық өрт сөндіру пойызы тік көтеріліп, санаулы минутта оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Көп кешікпей апаттық жағдайдан құтқару қызметі және қалалық өрт сөндіру қызметі де келіп жетіп, өршіген өртті көбікпен сөндіруге жұмылдырылды.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиевтің айтуынша, бұл – жылына екі рет болатын жоспарлы өрт сөндіру оқу-жаттығуы.

– «Темір жол көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде төтенше жағдайлар зардабын жою» тақырыбында шартты түрде өткен бүгінгі оқу-жаттығуға қалалық деңгейдегі өртке қарсы қызмет және ең алдымен өзіміздің темір жолдың өрт сөндіру пойызы, әскерилендірілген күзет, бөлімшенің санитарлық посты, қалпына келтіру пойызы, электрмен қамту, жол, байланыс дистанциялары қатысты. Барлығы 70-ке жуық адам және 9 техника осы шараға жұмылдырылып отыр. Бұл – жеке құрам мен өртке қатысы бар құрылымдық мекемелердің төтенше жағдайға дайындығын тексеру әрі шыңдау, апатты жағдайда шұғыл шешім қабылдауға үйрену үшін қажетті шара, – дейді ол.  

Өрт шыққандығы туралы хабар жетісімен Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының электромонтерлері вагон үстінен өтіп тұрған жоғары кернеулі электр желісін өшірген. Бұл да қауіпсіздік үшін маңызды шарт. Сөйтіп, тілсіз жаумен күрес әп-сәтте-ақ басталып, жедел түрде сөндірілді. Ақжайық өрт сөндіру пойызының командасы «өртке оранған» вагонды сумен салқындатып тұрды, өйткені мұнай өнімдері тез тұтанғыш әрі сөнуі қиын. Сол себепті көбікті көлік жеткенше осылай амалдай тұрып, содан кейін вагон қалың көбікпен жабылып, өрт сөндірілді. «Біз осы шараға орай станцияның жүк тиейтін бөлігіндегі екінші жолды бөліп, оқу-жаттығудың ойдағыдай өтуіне барлық жағдай жасадық» дейді станция бастығы Есенжан Темірғалиев.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды