Қауіпсіздік – басты міндет

Қауіпсіздік
29.12.2022, 17:24
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңіріндегі теміржол саласының қауіпсіздігін сақтау-әр бір теміржолшының кәсіби міндеті. Кейде осы жауапкершіліктің белгілі-белгісіз себептермен бұзылып жататыны аян. Мұның бірнеше себеп-салдары ретінде техниканың күтпеген жерден бұзылуы, құрылғының ақауы дейтін болсақ ең қауіптісі жол жағалай жүрген бөгде адамның пойызға басылуы мен иесіз малдың рельс қуалай жайылып машинистің жедел тежегіш басуға мәжбүрленуін айтуға болады. Осындай келеңсіздіктердің алдын алуға міндеттелген қауіпсіздік сақшылары ретінде аймақтағы ревизорлар аппаратын атасақ болады. Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қауіпсіздік Департаментінің Қызылорда учаскесінің ревизорлар аппаратын тәжірибелі теміржолшы Алмат Молдашев бас ревизорлық қызметін атқарып, әріптестерімен бірге ауыр да жауапты саланың қызметін атқарып келеді.  

– Қозғалыс, жүк және коммерциялық жұмыстар жөніндегі қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Ғалымжан Шолан, вагон шаруашылығы және жолаушылар тасымалы қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Жанболат Мұстафаев, жол шаруашылығы ревизоры Әмірхан Жүсіпбеков және белгі беру, байланыс және электрмен жабдықтау шаруашылығы ревизоры Әбдірахман Сырғабаевтармен бірге пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылмауына жұмыс жасаудамыз. Әріптестерім сала бойынша талай сыннан шыңдалып өткен тәжірибелі теміржолшылар, – деген аймақтық бас ревизор Алмат Молдашев, алдағы уақытта да қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына жұмыс жүргізілетіндігін білдірді.

Ревизорлық қызмет сала жұмысының бүге-шүгесіне дейін үздіксіз тексеріліп, бақылаудан бастау алатындықтан ревизорлар құрамы да барлық жұмысты аймақ телімдерінде тексерумен өткізіп, өндірістік орындарды бақылаумен тәулік бойы ат үстінде деуге болады. Дегенмен сан-салалы техника мен адами фактордың әсерінен тосын жағдайлардың алдын алудың мүмкіндігі шектеліп қалатын сәттері де орын алып, нәтижесінде өкінішті сәттер орын алады. Биылғы жылы да қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу 9 мәрте орын алған.

Мәселен, биылғы жылы аймақ бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу себептері жылжымалы құраманың жолдан тайып кетуі, Қызылорда және Сексеуіл локомотив пайдалану деполары машинистерінің салғырттығы арқасында тыйым салған бағдаршамнан өтіп кетуі, бағдаршамның өздігінен тыйым салынған белгіге ауысуы, локомотив құрамының ақауы, жолға бөгде заттың қойылуы және бейсауыт адамның жолға шығып пойызға басылуы секілді жағдайларда орын алған. Дегенмен осы жағдайлардың қайталанбауы үшін ревизорлар аппараты мен бөлімше басшылығы тарапынан кешенді шаралар қолға алынып, жұмыс жүргізілуде.

Қауіпсіздік ревизорлары аппараты орын алған жағдайға байланысты ең алдымен сараптамалық жұмыс жасайды. Машинистердің салғырттығына байланысты сараптама негізінде маневрлік жұмыс жасау нұсқаулықтарына өзгерістер енгізілген. Машинист көмекшісінің маршруттың анық әрі дәл жасақталғанына көз жеткізу үшін әр бір бағыттамалық бұрмаға келгенде түйреуіш, тіреуіш тіректердің қойылуын тексеріп қарау үшін локомотивтің жанында жаяу жүріп, тексеру жұмыстарын жасау жүктелген.

– НОДГП Б.Базарбаевтың 728-ЦЗ бұйрығының 42 бөлігіне сәйкес Қызылорда локомотив пайдалану депосында жоспардан тыс техникалық ревизия жүргізіліп, жасалған техникалық ревизияның сапасы жөнінде ЦРБ бас  менеджері Р.Молдағалиевке рапорт жолданды. Сонымен қатар деполардың тракциондық жолдарындағы локомотив қозғалысын үнемі ревизорлық аппараттың қадағалауы міндеттелген. Сексеуіл локомотив пайдалану депосы басшысының №192 бұйрығы бойынша тасымалданатын HYTERA және Тетра радиостанциясымен жабдықталмаған локомотивтің Сексеуіл-Қоскөл теліміне шығарылуына тыйым салынды. Және де пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуының алдын алу үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп оның орындалуына атсалысудамыз, – деді бас ревизор Алмат Молдашев.

Сұлутөбе станциясында Р-80 Alstom типті №15 бағыттамалық бұрманың екінші телескопиялық тягы сырғасының дұрыс құрастырлмауынан «Ч-2» шығыс бағдаршамының тыйым салу белгісінен өтуі орын алған. Түзету шараларына сәйкес жол дистанциясы мен белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері Р-80 Alstom типті электр жетектері бар барлық бағыттамалардың оқшаулағыш тығыздағыштарының құрастыру сапасы тексеріліп, теміржолшыларымен Alstom типті Р-80 электр жетектері бар бағыттамалық бұрмаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары тәжірибелік көрсетілім негізінде қайталанып жүргізілген. Темір жолға бөгде заттарды қойып кету жағдайларына байланысты Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша «жолда зат» айлығы өткізілген. Айлық акцияның сапасы жол дистанциясы қызметкерлерімен тексеріліп, теміржол бойына бөгде заттарды қалдырмау, қоймау мақсатында білім беру мекемелері мен жергілікті тұрғындарымен әңгімелесу және таныстыру жұмыстары жүргізіліп, актілер дайындалған.  

Вагон шаруашылығын тексеру нәтижесінде Сексеуіл және Шиелі ТҚК қосындарында контейнерлік пойыздарға техникалық қызмет көрсету барысында технологиялық процестен ауытқу анықталған. Қызылорда станциясында №21-22 Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызына ТО-1 техникалық қызмет жасау кезіндегі кемшіліктерге орай НОДГП-10 атына қызметтік хат жолданғаннан кейін Сексеуіл станциясында вагон қараушылар штаты жасақталып, ұзынқұрамды контейнерлік пойыздар қабылдап-жөнелту, оларға техникалық қызмет жасаудың жергілікті нұсқаулығы мен регламенті белгіленіп, жергілікті пойыздарды Белкөл мен Қызылорда станциясынан өткізу кестесіне өзгерістер енгізілген.  

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты