Рейд: Бейнеу станциясында 20 әкімшілік заңбұзушылық тіркелді

Қауіпсіздік
24.01.2023, 11:41
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басынан бері Бейнеу станциясындағы теміржол төңірегінде 20 әкімшілік заңбұзушылық тіркелген. Фактілер станциядағы желілік полиция бөлімшесі өткізген рейдтер барысында анықталған.

Жуырда тәртіп сақшылары теміржолға жақын маңдағы тұрғындармен және вокзал айналасындағы азық-түлік сататын кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиында жоғарыдағы құқықбұзушылық оқиғаларға тоқталған полиция өкілдері олардың дені көпшілік ортада ішімдік ішу, теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту, белгіленбеген жерлерде сауда жасау сияқты заң бұзушылықтар құрайтынына ерекше мән берді. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі, пойызға мал басылуы жайттарының жиілеуі де өткір сөз болды. Тұрғындарды қауіпсіздікті сақтау бағытында бірлесе әрекет етуге шақырды.  

Теміржолшылар тарапынан Бейнеу станциясы бастығының орынбасары Данияр Нурмолдин мен Бейнеу теміржол вокзалының бастығы Айсара Тұрғанбаева сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Ал жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бастығы Нұрболат Сарбупиевтің сөзі заңсыз сауда жасаушыларға арналды, маман белгіленген орны не құжаты жоқ күмәнді тұлғалардан тамақ сатып алудың соңы неге соқтыратынын түрлі мысалдармен ескертті. Белгілі болғандай, Бейнеудегі теміржол перронында 26 сауда нүктесі тіркеліп, заңды қызмет көрсетеді екен.

– Іс-шараның көздеген мақсаты – қоғамға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту. Осы мақсатта ескертпелік буклеттер таратып, профилактикалық жұмыстар жүргізудеміз, – дейді Бейнеу станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің бастығы Насыр Дербисалиев.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды