Қауіпсіздік акциясы тұрақты өткізіліп келеді

Қауіпсіздік
28.02.2023, 10:40
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ақпан айының 20-24 күндері аралығында Бейнеу станциясында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы ұйымдастырылды. Желілік полиция бөлімшесі вокзалдағы жолаушылармен профилактикалық жұмыс жүргізіп, мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Алдымен көліктегі полиция қызметкерлері жергілікті теміржолшылармен бірге мектептерді аралап, 4-8 сынып оқушыларына «Темір жол – аса қауіпті аймақ!» тақырыбында дәріс оқыды. Мектеп балаларын теміржол аумағындағы қауіп-қатерден сақтандыру бағытында өткен сабақта Бейнеу жол дистанциясының мамандары Г.Далабаева мен П.Нұрымбет өз саласы бойынша қауіп-қатерді түсіндірсе, полиция қызметкерлері С.Жақыпов пен Т.Қарымсақов оның құқықтық себеп-салдарын баяндап берді. Аталған шараға Әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлері де тартылып, олармен бірлесе теміржолды кез келген жерден кесіп өтетіндермен түсінік жұмыстары жүргізіліп, «Көліктегі қауіпсіздік» тақырыбында үнпарақтар таратылды.  

Полиция қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, жалпы мұндай қауіпсіздік шаралары тұрақты жүреді. Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде аптаның әр 4-5 күндері «Темір жол – аса қауіпті аймақ!» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді.

– Акция аясында жүргізілген жедел жұмыстар барысында теміржолдың белгіленбеген жерінен өткен 3 адамға ескерту жасалды. Сондай-ақ түнгі мезгілде жалғыз жүрген 5-сынып оқушысы анықталып, ата-анасы жауапқа тартылды, – дейді Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Насыр Дербисалиев.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды