Батыс аймағында су тасқыны қауіп тудырып жатыр. Абырой болғанда, су темір жолға жеткен жоқ.
Шалқар ауданының Қотыртас және Мөңке би ауылдарының да автокөлік жолдарын су шайып кеткені туралы ақпарат тарады. Белгілі болғандай, станция аумағы мен теміржолға зақым келмеген. Ал Ойыл, Темір, Қобда, Мартөк, аудандарында су басқан елді мекендерден мал мен жанды құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
«Байғанин ауданында еріген қар суының көлемі әжептеуір қауіп тудырған болатын. Бірақ станциядағы теміржолшылар алдын ала шұғыл қимылдап, бөгеттермен бекітіп, теміржолға қарай су жіберген жоқ», – деп хабарлады Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаев.