Ақауды дыбысынан анықтап, апаттың алдын алды

Қауіпсіздік
31.03.2023, 10:01
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушы-жөндеушісі Марат Пұханбаев жүк вагонының бірінші телешкіcінің оң жағындағы екінші жұп доңғалағы буксының М12 типті болтының сынып шашырап кеткен ақауын тауып, қауіптің алдын алған.

Кәсіби тұрғыдан сыралғы қызметтің қыр-сырын 17 жылдан бері жетік меңгерген Марат Бахтиярұлы ақаулы вагонды доңғалақ буксынан шыққан дыбыста қосымша шуыл қоса шығып тұрғанынан анықтапты. Жалпы вагон қараушылар станцияға аялдайтын пойыздарды қауіпсіздік бекетінде күтіп алады. Олар пойыздың келуін жай күтіп тұр десек қатты жаңылысамыз, мамандар бекетке енген вагондардың жүрісін, олардың доңғалағынан шыққан дыбысқа құлақ түріп тыңдап тұрады, доңғалақтың жүрісіне де зер салып, қосымша шыққан оғаш дыбыстың, бөлек шуылдың бар-жоғына да құлақ түріп, күнделікті жүрісінен өзгешелік бар-жоғын бақылап тұрады екен.

– Наурыздың он бірінде ауысыммен жұмысқа түскен Марат Бахтиярұлы вагондарға техникалық қызмет көрсетіп келе жатып №2680 пойыздың сұйық зат тиелген вагон-цистернасының доңғалақ жұбыннан ақауды анықтайды. Қолындағы балғасымен ұрып,  вагонның ақаулы екеніне көз жеткізген Марат рация арқылы тиісті орындарға дереу хабар берген. Хабар бойынша күмәнді вагонды тексергенде ақау бары айқындалып, вагон құрамнан ажыратылды. Бұл әріптесіміздің қырағылығы мен өз кәсібіне деген адалдығын көрсетеді, – дейді Қызылорда станциясындағы техникалық қызмет көрсету пункітінің бастығы Рүстем Ұзақбаев.

Вагондарды осылайша кәсіби тұрғыдан қарау тәсілін құрметті теміржолшы Арғын Орымбаев басқаратын Қазалы вагон пайдалану депосының барлық вагон қараушы-жөндеушілері кәсіби деңгейде меңгерген. Осыған дейін де вагондардың бүйір рамасынан, доңғалақ буксынан талай ақауды осы депоның қырағы көз, саққұлақ вагоншылары анықтап, ақаудың алдын алғаны белгілі. Бұл биылғы жылы Қызылорда станциясында табылған екі ақаудың бірі ғана.

– Жұмыс барысында вагондарға техникалық тексеру жасап келе жатып вагон-цистернасының доңғалағынан шыққан дыбыстың қосарланып тұрғанын аңғардым. Жаңылыс естідім бе деп доңғалақ буксын қайтадан екі-үш рет ұрғылағанымда да қосарлы дыбыс бар екеніне көз жеткіздім. Өзім ақаудың барына толық сенімді болған соң жанымдағы серіктестеріме, станция кезекшісі мен басшылыққа хабар бердім. Вагон доңғалағының мұздай халінде буксын ашқанымызда роликті ось қорабының шеткі бекіткішінің бекітпесіндегі M12 болтының сынып шашырағандығы анықталды. Тиісті шараларды жасау үшін вагон құрамнан ажыратылды. Станцияда ақаулы вагонды тауып құрамнан ажырату біздің вагон қараушылардың кәсіби міндеті, біз міндетімізге адал болуға тырысамыз, –дейді ақауды дыбыстан ажыратып, өзінің қырағылығын ерлікке санамай кәсіби міндетке, адалдыққа балаған Қызылорда станциясындағы техникалық қызмет көрсету пункітінің вагон қараушы-жөндеушісі Марат Пұханбаев.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды