Маңғыстаулық вагон қараушы осымен үшінші рет ақау тапты

Қауіпсіздік
07.04.2023, 11:43
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Нұркен Қалылаев биыл жүк вагонының бүйір рамасынан қауіпті ақауды анықтап, апаттың алдын алды.

Әдеттегідей түнгі ауысымға жұмысқа келген теміржолшы Ақтау портына жүк апарып тастап, кейін қайтып бара жатқан пойызды қарауға шыққан. Бүкіл вагонның қозғалыс бөлігін ұстап тұрған бүйір рамасына қол шамымен жарық түсіріп қарағанда 160 мм көлемінде сызат бар екенін көреді. Дереу басшылыққа хабарланып, акт толтырылды. Ал вагон пойыздан ағытылып алынып, жөндеуге жіберілді. Жалпы бұл – Нұркен Қалылаевтың 17 жылдық тәжірибесінде үшінші рет тауып тұрған күрделі ақауы.  

– Ақаудың ең қауіптісі осы – бүйір рамасындағы ақаулар. Бір вагонды екі қапталынан екі адам қараймыз. Күндіз не түнде шықсаң да аса қырағылық танытып, ақауы бар вагонды жібермеуге барыңды салуың керек. Себебі бүйір рамасына түскен сызаттан сол вагон құласа, онымен бірге басқа вагондар да жолдан шығып құлайды. Бізге аптаның ішінде сәрсенбі және бейсенбі күндері сабақтар өткізіледі. Соның барысында нұсқаушы-инструктор өзге өңірлер мен елдерде болған апаттар, олардың қандай ақауға байланысты туындағанын бейнероликтер арқылы көрсетіп отырады. Оқу полигонына барып іс жүзінде қолмен ұстатып көрсетіп, біздің әркез білім деңгейімізді толықтырып отыруға жағдай жасалады, – дейді тәжірибелі теміржолшы.  

Мектеп бітіре салысымен вагон шаруашылығында слесарь болып еңбек жолын бастаған кейіпкеріміз, содан бері тапжылмай бір жерде жұмыс істеп, тәжірибе арттырып келеді. Сырттай білімін жетілдіріп, арнайы диплом алды. Өзі Маңғыстау станциясына қарасты Қызылтөбе ауылында тұрады. Отбасында бес баласы өсіп келеді. Футболды жақсы көретін Нұркен ұжым атынан команда жасақталғанда депо намысын қорғайды.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады