Маңғыстаудағы комиссиялық байқау Болашақ станциясынан басталды

Қауіпсіздік
11.04.2023, 10:56
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаудың күрт құбылмалы континенттік климатына байланысты жыл маусымдары жылдам ауысып, көктем келісімен күн күрт жылынып, жердің тоңы бірден жібиді. Сондықтан мұндағы көктемгі комиссиялық байқау да кейбір өзге өңірлерге қарағанда ертелеу басталады.

Биыл да түбек теміржолшылары жазғы тасымалға дайындық жұмыстарына ерте кірісті. Мекемелер көктемгі комиссиялық байқауды өткізуге дайындық жүргізіп, басшылық іс-шаралар жоспарын жасақтап, комиссия құрамын бекітіп, байқаудың кестесін жасап, тиісті бұйрығын шығарды. Соған сәйкес комиссиялық байқау 20 наурыздан 20 сәуірге дейін өткізу білетін болып белгіленді.  

Жоспар бойынша комиссиялық байқау орталықтан қашықта орналасқан шекаралық станция Болашақтан басталды. 28 наурыз күні Маңғыстау қосалқы бөлімі басшысы Нәжімеден Ғұбашов, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереев, Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің өңірдегі бас ревизоры Болат Дүйсәлиев бастаған комиссия құрамы Түркіменстанмен шекарадағы станцияға жол тартты. Болашақтағы нысандарды аралап, жан-жақты тексерістен өткізуге бір күн уақыт кетті. Тек келесі күні түске жақын Бестөрткүл бекетіне бет алған комиссия осылай кезекпен Құрмаш, Тай, Бопай, Ақбөбек, Бастау, Өзен станциялары мен бекеттерін аралап шықты.  

– Түбек теміржолының аумағы үлкен, инфрақұрылымдар мен нысандар да көп болғандықтан бәрін аралап шығуға, мұқият тексеруге біршама уақыт қажет болды. Байқаудың бірінші кезеңінде Болашақ – Өзен телімін аралаған комиссия мүшелері екінші кезеңде Жетібай, Қарақия, Боржақты, «Р» бекеті, Маңғыстау, Ерсай, Құрық порты бағыттарында жұмыс істеді. Бұл станциялар мен бекеттерде комиссия назарынан теміржол мекемелері, ғимараттардың жай-күйі, инфрақұрылымдар жағдайы, жұмысшылардың әлеуметтік тұрмысы, тағы басқа жағдаяттар тыс қалмады, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімі өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Еркін Айдарбаев.  

31 наурызда Маңғыстау станциясына оралған комиссия 3 сәуірден бастап сапарын Бейнеу бағытында қайта жалғастырды. Бір апта Бейнеу телімін тексерген комиссия бүгінде Маңғыстаудың өз басында жұмыстарын жалғастыруда. Байқау нәтижелері 20 сәуірден кейін өтетін қорытынды жиында жария болады.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды