Ақтөбе вокзалынан өрт шығып, жолаушылар эвакуацияланды

Қауіпсіздік
23.05.2023, 10:48
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе вокзалында өрт тұтанып, қызметкерлер мен жолаушылар тез арада эвакуацияланды. Вокзал маңы өрт сөндіру көліктеріне толып, аяқ асты абыр-сабыр басталып кетті...

Абырой болғанда мұның бәрі өрт сөндірушілердің кезекті оқу-жаттығуы болатын. Оқиға орнына арнайы барып, тілсіз жаумен күрескен өрт сөндірушілердің тактикалық іс-әрекетін бақыладық. Сценарий бойынша техникалық бөлмеден қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. «Жалын» жақын маңдағы жабдықтарға таралып, жоғары қабатты қою түтін басты. Дабыл қағылған сәтте теміржолдың өрт сөндіру пойызы мен қалалық құрылымдар лезде келіп жетті. Ақтөбе облысы ТЖД мен Ақтөбе станциясының өрт сөндіру пойызы арасындағы өзара іс-қимыл, адамдар көп жиналатын жерде оқыс жағдай тіркелгенде атқарылатын жұмыстар көрсетілді. Нәтижесінде зардап шеккен бір адам және автосаты арқылы төртінші қабаттан екі адам құтқарылды.  

«Батыс аймақтағы ең үлкен вокзалдан жолаушыларды және вокзал қызметкерлерін төтенше жағдай туындағанда қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын көрсету – тактикалық жаттығудың мақсаты. Жаттығуда әрбір қимылдың кем-кетігі мұқият зерттеліп, ескертілді», – деді Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаев.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды