Сақтықта қорлық жоқ

Қауіпсіздік
02.06.2023, 12:15
Оқуға 1 мин

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұйымдастыруымен нашақорлықтан сақтандыру профилактикалық іс-шарасы өтті.

Алдымен Шымкент айналым локомотив депосының ұжымымен кездесіп, машинистер арасында әңгімелесу өткізген желілік полиция бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Манас Шотанов және полиция капитаны Айбек Қалдыбек есірткінің зияны жайлы дәріс оқып, сонымен қатар оны таратудың баптары, оған тағайындалатын жаза туралы ақпарат берді.  

Келесі кезекте пойыздарды аралап, жолаушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуді жалғастырды. 28 мамырда №11-12 «Шымкент-Алматы», №77-78 «Маңғыстау-Алматы», №41-42 «Атырау-Алматы» бағыттарындағы жолаушылар пойыздарында жолаушылармен кездесу өтті. Оған Шымкент қалалық желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Нұрлыбек Райсов, взвод командирі полиция аға лейтенанты Самат Қадыров және әкімшілік полиция қызметкерлері қатысып, қазіргі қоғамның басты мәселелерінің бірі болып отырған нашақорлық дертінен сақтандыру парақшаларын таратып, жолаушыларды жол жүру ережелерімен таныстырды, жолда жарақат алып қалмау, жол жүру кезінде кездесіп қалатын әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлеріне мысалдар келтіріп, басқа да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті