Стратегиялық аумақта бөгде адамдардың бейқам жүрісі алаңдатып отыр

Қауіпсіздік
06.06.2023, 11:00
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде теміржол мекемелерінің басшылары мен желілік полиция қызметкерлері дөңгелек үстел басына жиналды. Басқосудың негізгі тақырыбы теміржол төңірегінде сақтық шараларының сақталмауы мен ереже бұзушылықтың көбеюі туралы болды.

Теміржолшылар мен тәртіп сақшыларын стратегиялық аумақта бөгде адамдардың бейқам жүрісі алаңдатып отыр. Олардың қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, пойыздар қозғалысына кедергі келтіруі жылжымалы құрамдарды шұғыл тоқтату жағдайын да арттырған.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Батыс аймақтық филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев бастаған теміржолшылар, станция, вагон шаруашылығы, жолаушы тасымалы қызметінің басшылары, екінші тараптан Көліктегі полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев бастаған тәртіп сақшылары темір жол бойындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, жазатайым оқиғаларды алдын алу, жылжымалы құрамдағы жүктердің ұрлығын болдырмау, т.т. өзекті мәселелерді сөз етіп, кедергілерді жоюдың шешімін қарастырды. Жол бойында түсіндіру жұмыстарын, тұрғындармен кездесуді тоқтатпау қажеттілігі айтылды.  

Бөріхан Сматуллаұлы бөгде адамдардың, төрт түлік малдың жолға шығып, қоршауларды бұзып кету дерегі азаймай отырғанын және ол КТЖ-ға үлкен шығын келтіріп отырғанын айтты. Осындай оқыс жағдайлардан өткен жылы локомотивтерге қанша зиян келіп, жолаушылар мен жүк пойыздарының жүру кестесі бұзылғанын айтып берді. Сондықтан бүгінгі таңда аса өткір мәселеге айналып отырған бұл келеңсіздікпен бірге күресуге шақырды.  

Көліктегі полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев келеңсіздікпен бірге күресуге дайын екендерін жеткізді, сонымен қатар теміржол өткелдеріне көпір салып, ағаш төсемдермен жабдықтау бойынша жергілікті әкімдіктер мәселе көтеріп, ұсыныстар беруі тиіс деп санайды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды