Қауіпсіз еңбек қағидалары басты назарда

Қауіпсіздік
04.07.2023, 11:03
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясында «Еңбек қызметі және оның тәуекелдері» тақырыбында өткен семинарға Түркістан мен Сексеуіл станциялары арасындағы мекемелердің еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік инженерлері мен еңбек инспекторлары қатысты.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қорғау инженері Ғалымжан Пірішев модераторлық жасаған жиында тақырып төңірегіндегі мәселелердің шешілу жолдарын бірге қарастыру қажеттігіне басты назар аударылды.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметтері мен саладағы кәсіподақ ұйымдарының өзара іс-қимылы қадамдарын анықтау» тақырыбында баяндама жасап, мекеме жұмыскерге қажетті жұмыс жағдайын жасау арқылы оның еңбегін қорғайтынын, ал жұмысшы еңбегі қауіпсіз болу үшін өзіне тиісті жағдай жасауды талап етуге хақылы екенін ескертті. Кейде теміржолшылар осыны ескермей, өз салғырттығы кесірінен қауіп-қатерге тап болатыны айтылды.  

– Мысалға алсақ, электромонтер қауіпсіздік қағидасын өрескел бұрмалап жұмыс жасап жүргенін кездестіруіміз мүмкін. Алайда электромонтер менің құрал-сайманым белгілі кернеумен ғана жұмыс жасауға рұқсат етілген, одан жоғары кернеуде жұмыс жасай алмаймын демеуі мүмкін, бұл өрескел қателікке біздер мен сіздер жол бермеуіміз керек, жұмыскердің өз өміріне жауапсыз қарауына үнсіз келісіп, қауіпті жағдайға жол берудің орнына жұмыс жағдайын талапқа сай болуын басшылықтан талап етіп, қашан орындалғанша қаперде ұстауды дағдыға енгізу қажет, – деді кәсіподақ жетекшісі.  

Жұмысшылардың денсаулығын сөз еткен «Медикер» серіктестігінің өкілі Гүлмира Пайзоваға көп сауал жолданды. Облыстық басқарманың еңбек инспекторы Айдос Асқарұлына да сұрақ қоюшылар қатары көп болды.  

Дистанцияның бас инженері Әсет Асранқұлов, мінез-құлық диалогы ұстанымдарын, қауіпсіздік қатерлерін «айсберг», «оқиғалар пирамидасы» тәсілдерінен мысал келтіре отырып түсіндіріп, жұмыс орнында жіберілген кемшіліктердің қайталануының алдын алу, сақтану жолдары жайлы бейнероликтер көрсету арқылы баяндама жасады.  

Қысқасы, еңбек қорғау мәселесіне жауапты 16 инженер-маманның баяндамасы тыңдалған семинарда іс-тәжірибелерімен бөлісу, тосын жағдайлардың қайталануына жол бермеу арқылы нөлдік жарақат ұстанымына қол жеткізудегі талпынысымен көзге түскен мамандар қатарында Қызылорда ПЧ-57 бас инженері Ақыл Әбілдаев, Қазалы ЭЧ-26 бас инженері Асқар Тлеулин, НЖС жетекші инженері Ұлжалғас Арқабаева, Қызылорда ЭЧ-25 жетекші инженері Жайылхан Сейтов және Қазалы ПЧ-59 еңбек қорғау және қауіпсіздік бөлімінің жетекші инженері Сырлан Сұлтамұратов болды.  

Теміржолшының қауіпсіздігі, денсаулықты сақтау, жұмысқа жарамсыздық парағының берілу шарттары, сенбілікке шығу тәртібіне орай еңбекақы төлеу заңдылығы, мақсатты, тосын, арнайы инструктаждар өткізу қағидалары, өрт немесе апат орын алған жағдайдағы талаптар, т.т. тақырыптар төңірегінде пікір алмасқан қатысушылар сала жұмысында қажетті ақпараттармен алмасуды да ұмытпады.  

 

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты