Қараусыз мал қозғалысқа қауіп төндіріп тұр

Қауіпсіздік
31.07.2023, 12:35
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз өңірі теміржол қозғалысы бойынша біршама күрделі аймақ. Желі бойындағы қараусыз мал, жазатайым оқиғалар бұл аумақ бойынша күн тәртібінен түскен емес. Жағдай әсіресе, соңғы кезде шиеленісе түскен көрінеді.  

Бұл туралы жуырда  Аягөз станциясы мен Аягөз жол дистанциясы мекемесінің қызметкерлері және Семей станциясындағы желілік полиция өкілдері кездескен басқосуда айтылды. Жиынға  теміржолшылармен қатар әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Рүстем Әбеуов, Аягөз ст. ЖПб-нің бастығы полиция  майоры А. Силямгазинов қатысты.  Сондай-ақ басқосуға Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Искаков пен ауыл әкімдері де арнайы келіп қатысып, теміржолшылар қауымының уәжін тыңдады.  

Басқосуда бірінші кезекте пойыз қозғалысындағы қауіпсіздік мәселесі атап өтілді. Осы орайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жергілікті әкімдіктермен темір жол  қызметкерлері бірлесе әрекет етуге уағдаласты. Атап айтсақ, теміржолдағы шұғыл тежелу мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қос тарап желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп тұжырымдамадағы стратегиялық бағыттардың толық орындалуы үшін  ынтымақтастықта жұмыс атқаруы керектігі сөз болды. Аудан басшылығы мен теміржолшылар пікірі тыңдалды.

Жиын барысында айтылғандай, Аягөз өңіріндегі басты мәселе желі бойындағы қараусыз жайылған мал болып отыр. Бұл ретте аудан басшылығы жергілікті тұрғындарға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы тіркеп, нөмірлеуді өз жауапкершіліктеріне алды. Аталмыш шара өз кезегінде пойыз қаққан түліктің иесін дереу тауып, айыппұл салып жазалауға, сонымен қатар, бүлінген жағдайда тепловоздың шығынын өтеп алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ауылдық округ  әкімдері желілік полиция және теміржол қызметкерлерімен бірлесіп ауыл тұрғындарымен, шаруа қожалықтары иелерімен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жандандыратын болып келісті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды