Рейд: Тұрғындар теміржолды кесіп өтуін доғарар емес

Қауіпсіздік
29.08.2023, 09:39
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Жіңішке станциясында болған суицид оқиғасынан соң  жергілікті теміржолшылар мен желілік полиция қызметкерлері кезекті рейд өткізді.

Станция бастығының орынбасары, инженер-технолог және полиция инспекторларынан құралған топ қауіпті тұстарды аралап, тұрғындарға теміржолды белгіленген және жабдықталған, жаяу жүргіншілер өткелі, көпір, жол өтпесі, төсемдер арқылы, сонымен қатар «Жол арқылы өту» көрсеткіштері орнатылған жерлерде ғана өту қажеттігін ескертті. Жуырда болған қайғылы оқиғадан сабақ алуға шақырды.  

– Пойыз 400 метр қашықтықта келе жатса, өтуге мүлдем тыйым салынады. «Тальго жүрдек пойызы көрінсе, жолдан 5 метрге дейін қашық тұру керек, ал жүк пойызы мен жолаушылар пойызы өткен уақытта 2 метрге дейін қашық тұруымыз шарт. Пойызға мінетін болсаңыз, пойыз толық тоқтамай тұрып жақындамайсыз және пойызға отыру, түсу тек перрон немесе отырғызу платформалары жақтан жүргізіледі» дегенді түсіндіру тобы әр жүргіншіге мұқият түсіндіріп, теміржол бойында жүру ережесімен қатар, орын алған оқыс оқиғалардан мысал келтіріп, сақтық ережелеріне мұқият болуға шақырды. Теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екенін ескертуден кенде емеспіз, – деді Жіңішке станциясы бастығының орынбасары А.Жұмабаев.

Салғырттық пен немқұрайлылықтың кесірінен адамдар түрлі апаттарға душар болып жататыны жасырын емес. Алайда, қауіптің алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, ескертіліп жатса да тұрғындар теміржолды кесіп өтуін доғарар емес.

Рейд барысында темір жол бойын кесіп өтпек болған 2 адамға Әкімшілік Кодекстің 559-бап 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертіліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды