Ақтөбе вокзалында «Тосқауыл» операциясы өтті

Қауіпсіздік
22.12.2023, 10:28
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы іс-шаралар аясында Ақтөбе станциясының аумағы мен теміржол вокзалында «Тосқауыл» операциясы өтті.

ҰҚК қызметкерлері мен Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі ұйымдастырған шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 2 шетел азаматы ұсталды. Күдікке ілінген шетелдіктер әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға әрекеттенген. Алайда жоспарлары іске аспады, еліміздің Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот үкімімен біреуіне 25 АЕК айыппұл салынып, екіншісіне ҚР аумағынан шығару үкімі шықты.  

Елімізде жолаушылар қауіпсіздігі қатаң бақылауда. Стратегиялық аймақтағы тәртіптің сақталуы мейлінше бақылауға алынған. Теміржол вокзалының айналасында, ғимарат ішінде бейнебақылау камералары бар.  

Сонымен қатар осы күндері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаладағы жатақханалар мен хостелдерге рейд кезінде теміржол вокзалы маңындағы нысандарға да тиянақты тексеру жүргізді. Себебі мұнда көбіне сырттан келетін қонақтар аялдайтындықтан, ұрлық-қарлық жиі болады. Көпшілікке өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері түсіндірілді.  

Теміржол вокзалының үшінші қабатында орналасқан қонақүй бөлмелері бос тұр. Вокзал қызметкерлерінің айтуынша, қыс мезгілінде көп адам бола бермейді. Жатын орындар босап қалады. Ал жазғы уақытта орын табу қиын. Жолаушылар үшін вокзалдағы демалыс орындары тиімді әрі қолжетімді. Мұнда тазалық әрі қауіпсіздік қатаң сақталған. Десе де, кемшіліктер анықталып, ескертулер берілді. Төтеншеліктер вокзалдағы демалыс бөлмелерінде өрт сөндіргіштер жеткіліксіз екенін ескертті. Оқыс оқиға болған кезде шұғыл шығу қиындық туғызады, эвакуациялық жолдарды жиһаздармен жауып тастаған. Эвакуациялық жоспарлар бойынша ғимараттан шығатын жолда кедергі болмау керектігі түсіндірілді. ТЖД қызметкерлері аталған кемшіліктер бойынша вокзал басшылығына нұсқама беріліп, кемшіліктер аз уақыттың ішінде жойылуға тиіс екенін айтты.  

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды