Темір жол – қауіпті аймақ

Қауіпсіздік
15.03.2024, 10:06
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Адамдардың жол жүру ережесін бұзуы және рельсті жолдың үстіне бөгде заттарды қалдырып кетуі пойыздардың шұғыл тоқтауына себеп. Биыл жыл басынан бері Астана жол дистанциясына қарасты теміржол телімдерінде машинистер 23 рет шұғыл тежеу жасаған.

Соның ішінде 15 жағдайда жабайы жануарларды басу фактісі тіркелсе, үй жануарларын басу 8 рет болған. Дистанция қызметкерлері темір жолды тек белгіленген, рұқсат етілген жерден өтуді ескертеді. Соның өзінде жақындап қалған пойыздың бар-жоқтығына көз жеткізіп алу керек.  

– Өз өміріңізге қауіп төндірмес үшін ешқашан жылжымалы құрамның астынан өтпеңіз. Жолаушылар платформасынан секірмеңіз. Өткелдерде бағдаршам жолдан өтуге рұқсат бермейтін белгі берсе, шлагбаум қалай тұрғанына қарамастан жолдан өтпеген жөн. Ішімдік ішіп алып, теміржол маңайында жүрмеңіз. Әуе желілері мен жасанды имараттар, ток сымдары бар жерге жақындамаңыз, – дейді аталған дистанцияның бас инженері Төленді Шантекеев.  

Сонымен қатар жолшылар әдеттегідей жолға мал шығу мәселесін де алға тартумен келеді. Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мал жаю кезінде малдың амандығы үшін мал иелері мен оларды бағушылар мына Ережелерді міндетті түрде сақтауы керек:

Біріншіден, малды теміржолға жақын жайған кезде байлап бақса, теміржол төсемінен 300 метр қашықтықта жүруге болады, ал 2000 метр қашықтыққа дейін бақса, үнемі бақылауда ұстау керек. Сонымен қатар малды тек арнайы өткелдер, өтпежолдар, мал айдайтын жерлер арқылы ғана өткізу керек. Малды темір жолдан қараңғыда, тұманда, жел мен боранда кесіп өтуге болмайды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды