Атырауда өртке қарсы оқу-жаттығуы өтті

Қауіпсіздік
19.03.2024, 12:18
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ганюшкино – Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын үлкен станция. Жуырда станцияға қарай №5 бекеттен жөнелтілген жолаушылар пойызында электр жабдығы түтіндеп, өрт шықты.

Оны байқаған жолсерік машиниске, ол станция кезекшісіне хабарлайды. Ганюшкино станциясының кезекшісі вагонды дереу арнайы оқшауланған 26-шы жолға шығарады да Ганюшкино станциясы өрт сөндіру пойызы жанып жатқан вагонды өшіруге кіріседі. Бірақ сол уақытта бір адам жарақат алып үлгереді. Оған Азаматтық қорғау құрылымының санитарлық пост қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, 103 жедел жәрдем қызметкерлерін күтеді. Шұғыл жеткен олар науқасты ауруханаға алып кетеді.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиевтің айтуынша, бұл – жылына екі рет болатын жоспарлы өрт сөндіру оқу-жаттығу.  

– «Жолаушылар пойызында өрт шыққан жағдайда пойызды оқшаулап, жолаушыларды қауіпсіз жерге шығарып, өртті сөндіру кезінде туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» тақырыбында шартты түрде өткен бүгінгі оқу-жаттығуға Ганюшкино өрт сөндіру пойызынан 12 адам, станцияның азаматтық қорғау құрылымдарынан 4 адам, Әскерилендірілген теміржол күзетінен 8 адам, ЭЧдан 3 адам, аудандық өрт сөндіру бөлімінен 10 адам, жедел жәрдем қызметінен 4 адам, 1 пойыз және 10 техника осы шараға жұмылдырылып отыр. Өрт 10 минутта сөндірілді. Бұл жеке құрам мен өртке қатысы бар құрылымдық мекемелердің төтенше жағдайға дайындығын тексеру әрі шыңдау үшін, апатты жағдайда шұғыл шешім қабылдауға үйрену үшін қажетті шара, – дейді ол.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды