Атырауда жоспарлы жаттығу өтті

Қауіпсіздік
02.04.2024, 13:12
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің жоспарына сәйкес Ақжайық станциясында өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығу өтті.

Станцияда қалыпқа келтіру пойызының гаражынан өрт шығып, жедел хабарлама арқылы Ақжайық станциясының кезекшісіне, ол өз кезегінде басшылыққа және пойыз диспетчеріне, қалалық өрт сөндіру қызметіне, Ақжайық өрт сөндіру пойызына хабар берілді.  

«Өрт таңертеңгі 10:00 шамасында шыққан, 10 мин шамасында әскерилендірілген темір жол күзеті келіп сол жерді «қоршауға» алды. 13 минут арасында Ақжайық станциясының азаматтық қорғау құрылымдары, өрт сөндіру пойызы, 15 минутта қалалық өрт сөндіру қызметінің 1 авто цистерна, 1 АШ-7 көлігі жетті. Ақжайық өрт сөндіру пойызы жауынгерлік қанат жайып, қалалық өрт сөндіру қызметімен бірге өрт сөндіруге кірісті. Зардап шеккен 1 адам – Ақжайық қалпына келтіру пойызының қызметкері. Бірақ ол дәрігерлік көмектен бас тартты, өрттің түтініне уланған екен. 10:20 шамаларында өрт толықтай өшірілді» дейді бөлім инженері Нұрлан Сұлтанғалиев.  

Өрт сөндіруге Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясы, Ақжайық станциясының электрмен жабдықтау бөлімі, әскерилендірілген теміржол күзеті, Атырау қосалқы бөлімінің Азаматтық қорғау құрылымдары атсалысты. Барлығы 7 техника, 50 адам қатысты. Бұл – жеке құрам мен өртке қатысы бар құрылымдық мекемелердің төтенше жағдайға дайындығын тексеру әрі шыңдау үшін өткізіліп тұратын шараның бірі.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті