Бейнеу станциясында биыл 5 адамнан есірткі анықталды

Қауіпсіздік
29.04.2024, 12:45
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

 Жыл басынан бері Бейнеу станциясында жолаушылар арасында 5 адамнан есірткі заттары табылған. Тыйым салынған өнімді өзімен бірге алып жүрген азаматтарға қатысты тиісті шаралар қолданылып, ісі сотқа жіберілген.  

Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің мәліметінше, өткен жылы салыстырмалы мерзім ішінде есірткімен 4 жолаушы ұсталған. Биыл сондай-ақ станция вокзалында атыс қаруының оғын алып бара жатқан жолаушы да анықталған. Ол теміржол вокзалындағы бақылап өткізу құрылғысының көмегімен табылған. Мұндай дерек былтыр да кездескен екен. Дәл осындай атыс қаруының оғы мен суық қару алып жүрген азаматтар назарға іліккен. Сондықтан желілік полиция қызметкерлері қашанда сақтық керектігін, бөтен адамдардың күдікті сәлемдемесін, сөмкесін алып, тасымалдауға болмайтынын алға тартады. Мұндай ескертулерді вокзалда дикторлар белгіленген уақытпен үнемі хабарлап отыруы жолға қойылғанын айтады.  

  – Бейнеу тоғыз жолдың торабы деп бекер аталмаған ғой. Қатынасы көп, келіп кететін халық аз емес, пойыздар әрлі-берлі толассыз ағылып жатады. Станциядан халықаралық бағыттағы пойыздар да өтеді. Көп адам жүрген жерде түрлі қауіп те болуы ықтимал. Сондықтан теміржол аумағындағы қауіпсіздіктің сақталуы біздің қызметкерлердің үнемі қадағалауында. Мұнда күніне орта есеппен 14-16 пойыз өтеді. Жолаушылар пойызының бәрін тексеріп, қарап жүретін жігіттеріміз бар және «Робби» деген қызметтік итіміздің де көмегі көп. Кішкентайынан үйретілген, иіс сезгіш, есірткі өнімдерін бірден табады. Жолаушы халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын күзеткен қызметкерлерімізбен бірге жүреді, – дейді Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің басшысы Насыр Дербісалиев.

Желілік полиция үшін әр аптаның бейсенбі-жұмасы профилактикалық күндер. Бұл күндері мекемелерден бастап мектептерге дейін теміржолдағы қауіпсіздік, тәртіпті қадағалау бағытында түрлі түсінік жұмыстары жүргізіледі.  Рейдтерге шығады. Осындай іс-шаралар барысында бірінші тоқсанда 168 әкімшілік материал жазылған, оның 20-дан астамы шетел азаматтарына қатысты. Сонымен қатар тағы тоқсаннан астам адам теміржол аумағында қоғамдық орынды ластау, алкоголь ішімдігін ішу баптарымен тіркелген.  

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды