Маңғыстауда еңбекті қорғау күніне орай байқау өтті

Қауіпсіздік
07.05.2024, 10:01
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру және жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында жұмысшы мамандықтарының шеберлік байқауы өтті.

Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай өткізілген байқауға бөлімшеге қарасты барлық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Жұмысшылардың кәсіби шеберлігін сынға салған сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші шартта қатысушылар нормативті-құқықтық сұрақтардан тест тапсырмаларын орындап, жиырма сұрақтан тұратын сынақтан өтті. Келесі турда әр қатысушыға үш ситуациялық сұрақ берілді. Оның ішінде алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдайларда әрекет ету сияқты тапсырмалар бар. Соңғы шарт жұмысшылардың шапшаң және тез шешім қабылдап, ойын жинақтай алуы тексерілді. Ол үшін олар бір минут ішінде блиц сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинады. Байқауға бөлімше директорының орынбасары Нұрболат Шалғабай мен бас инженер Тимур Разов қазылық етті.  

– Жұмысшы кәсіптерінің шеберлік байқауы қатысушыларға зор мотивация берді. Әрі олар өздерін сынап көріп, жұмысқа дағды алды. Сонымен қатар бұл сайыс жұмысшылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға да мүмкіндік береді. Жұмыс орнында қауіпсіздікті сақтап, қатесіз еңбек етуге, еңбек жағдайын жақсартуға ынталандырады. Біздің байқаудан көздеген мақсатымыз да осы, – дейді бөлімшенің еңбек қорғау және экология секторының басшысы Тілектес Қондыбаева.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Кәсібі бойынша үздік» номинацияларымен марапатталды. Бейнеу қалпына келтіру пойызының кран машинисінің көмекшісі Болатбек Байғабылов бірінші, Маңғыстау қалпына келтіру пойызының жұмысшысы Асхат Бимов екінші, Болашақ өрт сөндіру пойызының аға өрт сөндірушісі Абылай Жұмабаев үшінші орын алды. Шапағат Нұрымбетов пен Қожамұрат Төлесінов ынталандыру дипломына ие болды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды